Образец сайта
Великие мыслители Казахстана
Великие мыслители Казахстана

Даналық бастаулары

Информация о материале
Серік НҰРМҰРАТОВ
Опубликовано: 05.10.2016
Создано: 05.10.2016
1566

Қазақ халқының рухани тарихының өн бойын қамтитын тәуелсіздік идеясы халықтың атауының өзінен-ақ көрініп тұр. Қиын-қыстау заманда елдің тәуелсіздігін сақтап, ру-тайпаларды біріктіруден «Алты Алаш» идеясы  туған еді.

Ноғайлы елі мен қазақ халқының айрылысуына байланысты айтылатын халық әндері мен күйлерінің біршамасы драмалық жағдайға арналған. XV-XVІІІ ғасырлар аралығындағы қазақ жырауларының авторлық поэзиясы, әсіресе Қазтуған, Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұхар жырау тұлғалардың шығармашылығы арқылы қазақ өмірінің рухани күйі сипатталады.

Егер «Зар заман» өкілдері халықты дәстүршілдікке шақырса, он тоғызыншы ғасырда орын алған қазақ ағартушылығы құбылысы (Шоқан, Ыбырай, Абай) білім мен ғылымды бақытқа жеткізетін күш ретінде жоғары бағалайды. Өз халқының төл мәдениетін заман ағымына бейімдеп, оны жоғары көтеріп, жалпы адамзаттық мәдениетке тең етіп қосуға ұмтылыс уақыттың талабы еді. Жалпы алғанда, ағартушылық XІX ғ. аяғы мен XX ғ. басында отаршылдық езгідегі Шығыс елдерінің әлеуметтік-саяси және рухани дамуын реформалауға қадам жасау түрінде көрініс береді және әлеуметтің саяси және мәдени еркіндік үшін күресінің бастамасы болатын.

Батыстың қоғамдық институттары дәріптеген құндылықтарды орнықты игеруге шақырған қазақ ағартушылығының элитарлық бағытта болғанын және негізгі әлеуметтік-саяси мәселелерді, ұлттық бірегейлену мен ұлт-азаттық мәселелерді шеше алмағанын айта кету керек.

Бұл мәселелер олардың ағартушылық идеологиясының бағдарламаларынан тыс екені байқалады. Дегенмен, би-шешендер мен ақын-жыраулардың дәуірлерінен кейін келген ағартушылық құбылысы кейінірек реформаторлықпен бірігудің нәтижесінде қоғамдық санада жаңа идеялық ағымдардың, рационалдық негіздердің пайда болуына түрткі болды.

Қазақтың халықтық философиясының мәні мен мағынасы осы уақытқа дейінгі қазақ философиялық ойының даму тарихында мамандар үшін «ақтаңдақ» мәселе болып келгенін ескеру қажет. Мәселе, Қорқыт атадан басталған түркілік және кейінгі қазақтық тарихи кезеңдерінің тұлғалары – Асан қайғының, Абылай ханның, Бұқар жыраудың, «Зар заман» дәуірінің ақындары – Дулаттың, Шортанбайдың, Мұраттың және т.б.  философиялық көзқарастары туралы болып отыр. Өздерінің діни көзқарастары мен идеялары мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани мәдениеті мен ұлттық ойының тарихында қомақты орын алуымен сипатталатын және ұлтттық философия тұрғысынан біршама зерттелген Абай мен Шәкәрімнің даналық философиясына үлкен көңіл бөлінудің өзі заңды құбылыс.

Қазақтың ұлы ойшыл-философтары Абай мен Шәкәрімнің рухани мұрасын талдау адамзат өмір сүруі мен дамуының кеңістігі бұл ақын-ойшылдардың шығармашылығында қомақты орын алатынын көрсетеді.

Оның үстіне Абайдың да, Шәкәрімнің де философиялық көзқарастары тұла бойында діни, этикалық, эстетикалық идеялар мен гуманистік идеяларға, ұлтты біріктіру идеясына тұнып тұрған еді. Екі ойшылдың да дүниетанымының қайнар көзі өзінің ерекше өзгешеліктері мен көпғасырлық тарихымен сипатталатын терең тамыры бар даналық дәстүрі болып табылады. Ойшылдар өз шығармаларында барлық әлем мен адамның өзара рухани байланысын, бүкіл болмыстың, оның ішінде адам болмысының да ерекше деңгейлілігін үнемі атап өтіп отырады. Сонымен, осы аталған қырлар қазақ философтарының әмбебаптылығын білдіреді.

ХІХ ғасырдың заңғар биігі, ерекше тарихи тұлғасы, өз ұлтының қамын ойлаған ойшыл (ақынды тек «ағартушы» деп бір қырымен ғана шектеуге де болмайды, ол өз заманының әмбебап бүкіләлемдік деңгейдегі тұлғасы) Абай Құнанбаевтың шығармашылығы (оның өлеңдері, поэмалары, аудармалары, қара сөздері) қазақ мәдениеті үшін ғана емес жалпы адамзаттың рухани байлығы үшін де орасан зор құндылығы бар тарихи дүниелер. Данышпанға тән көрегендігі бар ғұлама бабамыз өзінің әрбір ойын, тұжырымын, түсінігін өте нақты, дәлелді және көркем образдармен бейнелеу арқылы жеткізуге тырысқан. Абай өзінің лирикалық өлеңдерін философиялық ойтолғаулар түрінде жеткізе білген және оның қандай шығармасын алсақ та адамды жақсыға, асылға ұмтылуға, сүйсінуге баулиды, азаматтарды өзара сұқбатқа шақырады, қоғамда үнемі тәрбиелік міндетін атқарып отырады.

Абай өз заманында бұл дүниенің рухани тұтқасы махаббаттан, шынайы іңкәр қатынастан тұратыны туралы пікірін жан-жақты пайымдаған еді.

Абайдың «Үш сүюден» құралған рухани әлемдегі адами қарым-қатынастың ішкі механизмі – алдымен Алланың адамзатты сүюінен, сосын адамның Алланы сүюінен және соңынан – адамның адамзатты сүюінен тұрады. «Бұл айтылған үш хаслеттің иелерінің алды – пайғамбарлар, онан соң – әулиелер, онан соң – хакимдер, ең ақыры – кәміл мұсылмандар» – дейді Абай, «толық адамның» жетілуі деңгейлерін сатылай көрсете келіп [1, 103 б.]. Міне, осы жіктемелеулерден пендеге кәміл мұсылман деңгейіне жетудің өзі біршама сатылардан тұратынын байқаймыз. Кез келген адам үшін осындай  белестерді игеру өмір міндеті іспетті. Адами даналықтың көкжиегі осындай талаптарға оңды жауап беруден тұратынын аңғарамыз.

Жоғарыдағы сөздердің астарында ойшылдың өзгелеге ғана емес, өзіне  деген сыни көзқарасы, тіршілікте үздіксіз жетілуге, Ақиқатқа ұмтылуға деген талпыныстар жатыр. Өзінің қателіктерін мойындамаған жан тәкаппарлықтың құрбаны екені анық және ол ешқашан рухани жетілмейді. Адам өз бойындағы рухани әлемді сыйлауы тиіс, сонда ғана өзінің жеке басының жетілуі арқылы шынайы мүмкіндіктерді жөнді жүзеге асыра алады. Ақын «тіршілікте адам қателіктерге толы жолға түсіп кетуі де ғажап емес-ау» деген ойды ортаға салады, көпшілікті бұл мәселе төңірегінде үнемі ойланып, қырағы болуға шақырады.

Кейінгі ұрпаққа қаншама жоғарғы деңгейдегі нақыл сөздер айтқанмен ойшыл өзінің де басқалар сияқты қарапайым табиғи қырлары бар екенін жасырмайды.

Міне осындай әлеумет алдындағы ашықтыққа бару үшін адамға нағыз азаматтық ерлік қажет, рухани шынайылық керек. Ал енді қысқа ғұмырында басқаларға тек ақыл айтуды ғана мақсат еткен адам өзін өзге жұрттан біршама биіктете түсетіні белгілі. Даналардың ілімі өзінің дүниетанымдық адалдығымен, әлеуметтік дамудағы рухани заңдылықтарды айқындаудағы шынайылығымен, қарапайым ақпейілділігімен, көңілінің жомарттығымен кейінгі ұрпаққа құнды.

Одан әрі қарай Абайдың адамсүйгіш көзқарастарына тағы да назар аударсақ, онда ол ғылымның адам өміріндегі орны туралы өз тұжырымдарын төмендегі жолдар арқылы келтіреді: «Ғылым – Алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр . Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат – хұрмет таппақ секілді нәрселердің махаббаты мен ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды» [1, 104 б.]. Абай үшін Ақиқаттың сырын ұғуға тырысу – нағыз әлемге деген риясыздықтан, шынайылықтан басталады және одан туындайтын іс-әрекет жасампаздық қасиетке ие болады. Міне, осы ерекшеліктеріміздің арқасында адамдар әлемінде руханилықтың, ізгіліктің негізі қаланады, махаббат деген ерекше қасиет адам өмірінің мәніне айналады. Аталған ақиқаттың астарына күмәндана қарау әркімнің өз еркінде болары анық. Дегенмен, ақиқаттың болашағы бұлыңғыр емес, ол дүниені бұзатын қара түнекпен, теріс құбылыстармен салыстырғанда түбінде кісі үшін айқын, жарқын бола түсері анық.

Шәкәрімнің діни-философиялық тұжырымдары оның негізгі философиялық еңбегі «Үш анықта» келтірілгені ғылыми көпшілікке белгілі. Діни философияның шешетін негізгі мәселелерінің қатарына жан мен рухтың өзара байланысы, рухани дамудың тылсым күшін тереңдей байыптауға тырысу жатады. Шәкәрімнің бұл сұрақтарды зерделеуде Абайдың көзқарастарын біршама деңгейге дамытқанын, тереңдеткенін мынандай сөздерінен байқауға болады: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім», – [2, 4 б.] дей келіп, руханилықтың субстанциялық орталығын, дүниедегінің барлығын біріктіруші шынайы өзегін таба біледі. Міне, осы ойлар түркілік мәдениеттің озық үлгілерінің қазақ топырағындағы шынайы рухани сабақтастығының бар екенін білдіретін деректер болып табылады.

Жоғарыда аталған рухани қасиеттермен қатар адамда ақ ниеттің, шыдамдылықтың болуы қажет екендігі туралы Шәкәрімнің ойлары нағыз тұтастанған, әмбебап дүниетанымның қазақ ойшылында ХХ ғасырдың басында-ақ қалыптасып үлгіргенін білдіреді.

Міне, осы қасиеттердің бәрі бір адамның басына жинақталған кезде біз нағыз Тарихи Тұлғаны көз алдымызға елестетеміз. Сол сабырлы да қарапайым жан өзінің имандылығымен, руханилығымен өзін қоршаған әлеуметтік ортаның танылса, онда даналықтың үлгісіне айналады. Сонау Қорқыт атадан басталған, әл-Фарабимен жалғасқан, кейінгі тарихи белестерде Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи, Асан Қайғы, Абай, Шәкәрім, Мәжһүр Жүсіп Көпеевтер сияқты даланың даналары бар халық кез келген өзекті мәселенің таба алады. Қазіргі заманда халқымыздың өзінің мәдени және рухани мұрасын түгендегені, саясат пен гуманистік мәдениетті терең астастырғаны байқалады.

Шәкәрімнің қазақ мәдениетіндегі орны мен философиялық ой тарихындағы атқаратын қызметі жайлы төмендегі пайымдаулар нақты берілген әділетті және нақты бағалау дей аламыз: «... Шәкәрім өзіне дейінгі болған, өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Ыбырай, Абайға қарағанда, грек, Еуропа кәсіби философиясының тарихымен тікелей шұғылданып, оларды тек танып-біліп қана қоймай, ол өз пікірлерін, ойларын ортаға салып, айта отырып, өмірге қазақ кәсіби философиясының іргетасын қалап, өзі де нағыз қазақтың алғаш кәсіби философы атанды. Сөйтіп, қазақ философиясының деңгейін әлемдік философияның қатарына қосуға жақындата түсті. Біздіңше, ұлттық философиялық тұғырнамамыздың бастауы, қалыптасуы осы кемеңгер ойшыл, ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлынан басталады деп батыл айта аламыз» [3, 257 б.]  Адамның «жан дүниесінің, рухының мәңгі екендігін» айтудың өзі үлкен данаға тән рухани көрегендіктің белгісі болатын. Осындай руханилыққа толы әрекеттердің халықтың руханияты үшін құнды екендігін қазіргі кезеңде ғана ой талқылауынан барынша өткізе бастағанымыз байқалады.

Егер адам руханилықты тиісті деңгейде бағаламаса, онда оның өмірінің барлық құндылықтық іргетасы әлеуметте шайқалып, өмірде мағынасыздық құрылымдары өзінің билігін жүргізер еді.

Қазіргі Батыстағы постмодернистік бағыттағы ілімдердің көбісі осы мағынасыздықтың бел ортасында жүргендей күй кешуде. Олардың бағадарлары қандай? Мәселен, жеке бастың даралылығын ғана барынша дәріптеу,  оны қоғамға қарсы қою, әрбір тарихта қалыптасқан тұрақты мағынадағы  рухани құндылықтардың өзіне күмәнмен қарау сияқты әрекеттер белең алуда. Нигилизм ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Батыс философиясының ерекшелігіне, ішкі қасиетіне айналғанына талай жылдардың жүзі болды. Міне, сондай жағдайды қалып ретінде қабылдап,  философия әлемінде соны қанағат тұтынушылар көбейіп жатқандығы зияткерлік саладағы әлемдік рухани дағдарыстың белгілерін білдіреді. Әрине, оның бәрі бекер емес болатын. ХХ ғасырдағы әлеуметтік төңкерістер, дүниежүзілік соғыстар әрбір жеке адам үшін жөнді ешнәрсе бермеді, есесіне әлеуметтік оңды өзгерістерге деген сенімін жоғалтты.

Қазақтың философиялық ойының дамуының тұтастай картинасының бүгінгі қоғам болмысы мен қазіргі құндылықтық парадигмалар тұғырын ескере отырып, қайта қалыптастыру, зерттеу – бұл бүгінгі гуманитарлық ғылымдардың мұқтаждықтары болып табылатын философиялық танымның мүлдем жаңа қырлары болып табылады. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі қазақ ойшылдарының философиялық дүниетанымын тарихи-мәдени және рухани аядан оқшау қарастыруға болмайды. Біздің пікірімізше, Асан қайғыдан бастап Шәкәрімге дейінгі қазақтың далалық халық ақындарының дүниетанымындарының қалыптасуындағы ұлттық идея туралы тақырып – бұл үлкен зерттеу аймағы болып табылады.

Сондықтан дәстүрлі қоғамдағы қазақ философтарының рухани мұрасын оқшау, тұйық күйінде емес, бүкіл түркі өркениеті кешенінде, әлемдік үздіксіз әлеуметтік мәдени даму процесінде зерттеу қажет. Сонда ғана қазақ халқының Ұлы Дала Елі философиясына тән сипаттамалық белгілер айқынырақ ашылады.

Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» идеясы, Абайдың «Адам бол!» деген қанатты сөзінен кейінгі дәуірде этностық сананың жаңа тарихи кезеңде жаңа құндылықтар жүйесіне бет бұра бастағанын байқаймыз. Қазіргі тарихи дәуірдегі «Мәңгілік Ел» ұлттық идесының өзектенуі кездейсоқ емес. Оның тарихи қайнар бастаулары болған еді. Қазақ елі үшін ұлттық тәуелсіздіктің құндылығын іздеген Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейханов сынды қазақ зиялылары қазақ халқының ХХ ғасырдың басында ешкімнен кем емес өзіндік саяси, мәдени және рухани келбеті болуын қалады. Сондықтан олар кезінде ұлттың шынайы бірегейленуін қалады, нәтижесінде үстем режимдердің қыспағынан саяси қудалануларға ұшырады.

Міржақып Дулатов сияқты қоғам қайраткерлерінің идеялары тарих қатпарларында жатқан қоғамдық гуманистік идеялардың жандануына түрткі болды. Міне, сөйтіп, екі жақтан түйіскен белсенділік ұлттық болмыстың біршама жетілуіне әкеліп соқты, заман ақырында көптеген тарихи тұлғаларды туындатты. Осындай ахуал қазақ қоғамының саяси тұрғыда сауаттана түсуіне әкелді. Сонымен қатар әлемдік өркениеттегі маңыздылығы жоғары құндылықтар дүниесімен танысуға мүмкіндіктер ашылды. Кезінде патшалық Ресей барынша қараңғылықта ұстамақ болған өзінің боданындағы, тәуеліндегі елдерде мәдени гүлденудің қажеттілігін мойындағысы келмеді.

Қазақтың ұлттық интеллигенциясының буржуазиялық-демократиялық революцияға, тіпті, одан кейінгі социалистік революцияға кейбір үмітпен қарауының себебі түпкі әлеуметтік қайшылықтардың қазақ қоғамында ұзақ жылдар бойы шешілмей келуінде еді.

Ал, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, жоғарыда аталған Міржақып Дулатов және т.б. көптеген қазақ қоғамының бетке ұстар көрнекті қайраткерлері халық үшін саяси тәуелсіздік келмей қайшылықты мәселелер тиісті шешімін таба алмасын жақсы түсінді. Міне, сондықтан олар алдымен «ұлттық-мемлекеттік автономия» идеясын жүзеге асыруды ойласа, кейін оның арғы жағында егемендік алу, тәуелсіздікке қол жеткізу сияқты қадамдар жасалынатына нық сенімді болатын. Осындай саяси бағдарлар қазақ қоғамын барынша түлете түсті, бұқараның саяси мәдениетін біршама көтерді.

Қоғамдық сананың жоғары руханилыққа, білімділікке қарай ұмтылуы, әрбір азаматтың сауатты да ақылды болуына жол ашу түбінде әлеуметтік дүниедегі жетілуді, үйлесімділікті өркендете түсетініне ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары ерекше көңіл бөліп, үлкен мән беріп отырған. Мәселен, халқының мәдени, азаматтық және рухани жетілуінің қамын ойлаған Ахмет Байтұрсынов төмендегідей тұжырымдарын көпшілікке ұсынады: «Осындай жұртқа пайдалы, үлгі аларлық жақсы істі жұрттың құлағына салып, біздің айтайын деп отырғанымыз мынау: білім жарысын істеу әр жұрттың қолынан келетін іс. Істейін десе, қазақтың да қолынан келеді. Европадай зор істеуге болмаса да, бойымызға шағындап, «сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі» дегендей етіп істеуге болады. Осыны есімізге алып, Европа үлгісін қазақтың мүшесіне лайықтайық» [4, 6 б.]. Қазаққа керек үлгіні Еуропадан іздеудің арғы жағында қазақ қоғамының жетілу тетіктеріне барынша алаңдаушылықтар жатыр.

Қазақтың кең даласын өзінің нәзік лирикасымен өрнектей білген Мағжан Жұмабаев сынды керемет ақынымыз өзінің көркем образдарға толы дүниетанымын поэзиясында жеткізе білген.

Ол өзінің «Бір күні» деген философиялық сипаттағы өлеңінде тіршіліктегі өзара бәсекелестің бітпейтін негізінің құпиясын іздейді. Бұл құбылыстың алдымен күшті мен әлсіздің арасында туындайтынына мегзей келе «осы текетірестің нәтижесі қандай?» деген сауал да қойып үлгереді. Әрине, дүниеде күштінің басымдық танытатын кезеңі көбірек болады. Ал енді жағдай сондай болды екен деп әлсіз үнемі жүнжіп жүре беру керек пе? Осы жерде ақын «күшсіздер де тырыссын, қатар болсын!» деген өз шешімін ұсынады [5, 8-9 бб.].

Шыныменде әрбір табиғат мүшесінің, әрбір жеке адамның, әлеуметтік субъектінің бойында игерілмеген рухани күш бар, ашылмаған мүмкіндіктер бар екені анық. Солар нақты дүниеге паш етілгенде ғана ол тұлға ретінде жаңаша  қырынан танылады. Бұл керемет диалектикалық заңды Мағжан Жұмабаев барынша түсінікті көркем баяндаулармен, қазақ діліне сәйкес келетін теңеулермен өз оқырманына жеткізеді. Жалаң саясаткершіліктен гөрі, осындай шығармашылықтың халықтың зердесіне жақын екені белгілі және ол нағыз рухани құндылық болып дүниетанымына орныға қалар мүмкіндігі көбірек. Себебі, қазақ халқы өлең сөзге, оның қадіріне өте үлкен мән-мағына берген және оны өзінің діліне жақындатқан халық болып табылады.

Шын мәнінде өмір деген үлкен теңіздің бойына терең бойлау үшін әрбір адамның ішіндегі өзімшілдіктің қорғанын бұзып, оны барынша азайған, басқаша айтқанда шектелген, зерделенген күйге түсіруі керек. Ол дегеніңіз Мағжан айтқандай «рухани күшсіздердің күшейуін қажет ететін нәрсе». Атақты ақынымыз даналықпен болашақ ұрпақты осындай рухани маңызды  нәрселерге назар аудартып отырын байқаймыз. Әрине, аталмыш ойды барынша бұрмалап, тіршілікте басқаша кейіпте түсінуге тырысқандар тоқырау жолында болып, өмірдің ащы дәмін тартары анық. Әркімнің адами жетілу барысында, тұлға ретінде қалыптасу жолында өтуге тиісті соқпағы, алуға тиісті асуы болады.  Ол кез келген адам үшін қажетті өмір мектебі.

Әрине дүниедегі барлық қайшылықтардың шешімі бір сәтте табыла кетпейді. Әлемнің, тарихи субъектінің тарихи үдерістегі даму заңдылығына сәйкес жетілудің өзіндік сатылары, кезеңдері мен бұрылыстары, қайшылықтары мен белестері болады.

Ал әлеуметтегі, тұлғалық жетілудегі биік шыңдарға жетуге тек шаршауды білмейтін, қайраты қандай істе болмасын қажымайтын, атқарған әрекетінің қоғамдағы тек әділеттілік үшін қызмет ететініне сенген жандар ғана шыға алады. Оның дұрыс немесе бұрыстығына, нәтижесі игілікті ме, әлде бір сәттік тез оңып кетер әсіреқызылдай дүние бола ма? Оған Уақыт деген үлкен сарапшы, Ақиқат деген қатаң сыншы өлшемін береді. Адами ізденістер арқылы ғана Ақиқат әлеміне  жақындай түсуге болады.

Ұлттық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуын деректік тұрғыда зерттеу, халықтың рухани байлығын жүйелеу Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кезінде ұсынған «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламасының орындалуы барысында біршама жүзеге асты. Әрине, бұл қадам қазіргі көп этносты Қазақстандағы руханият жүйесі үшін аса маңызды. Аталған мемлекеттік бағдарламаның толығымен жүзеге асуы арқылы рухани мәдениетімізге біршама қомақты үлес қосылды, қадамдар жасалды деуге болады.

Үшінші мыңжылдықта өзіндік «Менін» сақтауға ұмтылған әрбір ел-жұрт, ең алдымен, тарихи жадын, бірегей ұлттық болмысы мен ойлауын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ерекше ділін, дәстүрлі төл мәдениетін сақтауы тиіс. Жалпы жаңарған ұлттық рухты аман алып қалу жолында қамдануы, барынша жанталасуы қажет. Бір жағынан, объективті сипаттағы жаһандану процестері тарихтың өзіндік қисынынан туындап отырғаны белгілі, екінші жағынан, әрбір халықтың өзіндік тарихи санасының, ұлттық келбетінің сынақтан өтетін кезеңі енді келді. Жаһандану қазіргі әлемдік кеңістікте үндемей ғана, сөздерге көп уақытын бөлмей-ақ, шығынданбай-ақ өзінің жетекші принциптерін, қалыптарын, саяси және мәдени құндылықтарын әлемдік әлеуметтік ортаға орнықтыра, ендіре бастауда.

Сондықтан қазіргі тарихи кезеңде, біз үшін жасанды, виртуальды әлемде жоғалып кетпеу үшін, жаһандану заманында өз төлтумалығымызды, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлауымыз бен кейпімізді сақтап қалуымыз үшін маңызды қадамдар жасауымыз керек.

Батыс мәдениетімен нақты бәсекеге түсе алатындай XXI ғасырдағы рухы биік жаңарған ұлттық мәдениетімізді дамытқанымыз жөн. Рухы мен мәдениеті биік деңгейдегі халық пен мемлекеттің болашағы да жарқын екені айқын. Оны ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары да терең түсінген еді, қазіргі парасатты жандар да аңғарып отыр.

Енді бүгін ХХI ғасырдың жаңа тарихи ахуалы тіптен жаңа типтегі қайшылықтар мен өзекті мәселелер топтамасын адамзат алдына ұсынып отыр. Жалпы адамзаттың жіктерге бөлінбей, біріге өмір сүруге ұмтылуы ғана өзекті мәселелерді шешуге тетік болады.. Ол үшін өзара түсіністік пен адамдардың бір-біріне деген сенімі керек. Ол табиғи деңгейде орныға алмайды, тек рухани биікке көтерілген жағдайда ғана ол өзіндік ерекше құбылыс ретінде әлеуметтік дүниеде жүзеге аса бастауы мүмкін. Әзірге адамзат жіктелуге, бір-біріне қарсы тұруға, бәсекелесуге бейім тұрады. Яғни адамзаттың  күрделі мәселесін шешу үшін жаңа өмір философиясы, даналықтың бастауы керек. Ол руханилықты, адамгершілікті барлығынан биік қоятын философиялық жүйе, дүниетаным болары анық.

Шыққан тегі мен өскен тарихының, әдет-ғұрпы мен мінез-құлқының, табиғи ортасы мен шаруашылығының, ең соңында, ұлттық ойлауы мен тілінің, дүниетанымының тығыз байланысы кез келген ұлт үшін маңызды. Әсіресе қалыптасып келе жатқан халық үшін аса маңызды. Әрбір жеке этнос үшін бойы азат және тәуелсіз ел болуды аңсау, жұмыр жер бетінен, адамзат тарихынан өзіне лайықты орнын табу сияқты түсініктер заңды түрде мұрат, арман болып табылады. Арманынан айырылған, сенім мен мұратын жоғалтқан адам да, тіпті тұтас халық та, мемлекет те жартыкеш құбылыс және ол дара тұлғалық қасиетінен айырылып, азып-тозып, ақырында жоғалып кетеді.

Қазіргі замандағы техникалық прогресс пен мәдени жаһанданудың адам болмысын біршама өзгерткендігі, өмірге психологиялық, ділдік түзетпелер жасауға алып келгендігі белгілі.

Экономикалық бәсекелестікке түскен әртүрлі ғаламдық корпорациялардың қаржылық табыстарды қуалап, ұжымдық өзімшілдік жолында кеткені белгілі. Соның нәтижесінде көптеген мәдениеттерде этностық ерекшеліктер біршама сұрықсызданып, мәдени төлтумалықтар жоғалып, рухани әлем бедерсізденіп келе жатқаны өзінше шешімін таппаған күрделі үрдіс болып отыр. Әрбір халықтың мәдениетінің өзіндік тарихи құндылығы зор екендігі анық және оны барынша кемелдендіріп, дамыту мәселесіне де баса назар аудару керек.

Әсіресе, өзінің өткен тарихында көптеген қиындықтар көрген ұлттар мен ұлыстар мәдениеттерінің ішкі әлеуетін ашып, бойындағы дарынын толықтай паш етілу мәселесіне жете көңіл бөлетін уақыт келгендігі белгілі. Біздің еліміздегі әртүрлі салалардағы мамандарымыздың халықаралық деңгейге шығуының бір қыры ағылшын тілін толық меңгерумен астасып жататындығын мойындауға тиістіміз. Орыс тілі ТМД елдері ауқымында өзара қарым-қатынаста, ғылыми сұхбаттарда қандай маңызды рөл атқарса, әлемдік деңгейде негізінен ағылшын тілі арқылы көптеген салаларда шынайы сұхбат орнайтындығы айқын. Бірақ коммуникациялық құрал сипаттындағы тілдің қызметін басқа саяси, немесе идеологиялық түрдегі құрал ретінде қолданудың ешқандай негізі жоқ. Міне, сондықтан қазақ тілінің ерекше миссиясын да ұмытпағанымыз жөн.

Адамзаттың Жер бетіндегі әрбір адамның жеке өмірінің, азаматтық тағдырының өзіндік құндылығына назар аударып ғана ХХI ғасырдың адам руханилығын асқақтату ғасыры болатынынан үміттенуге болады.

Ол үшін сол адам өмір сүретін мәдени, саяси, рухани, әлеуметтік және экологиялық ортаның  үйлесімді дамуының қажеттілігін байыптай түсуіміз керек. Міне, осы мәселе бойынша қоғамдағы рухани элитаның, зиялы қауымның нақты қауымдастықты, қоғамды өркениеттендіру, руханиландыру, гуманизациялау мақсатындағы белсенділігі аса маңызды екендігі белгілі. Даналықтың мәйегі әрқашанда нақты әлемнің нақты мәселелерін тиімді шешумен астасып жатады. Көрнекті ойшылдарымыздың айтқан өнегелі сөздері осыған саяды.

Қазақтың өмірде «бірлік бар жерде тірлік те бар» деген көрегенді сөзі басты гуманистік идеямен, оның бағыт-бағдарымен сәйкес келетінін айта кеткен жөн. Өйткені, философия саласындағы әріптестер жер-жерде адамзатты ыдыраушылықтан, оқшаулану мен өзара шендесуден, текетірестік пен кикілжіңдерден құтқарудың жолдарын іздеуде. Қазіргі заманның кешенді дамуы барысында, әсіресе өркениетті елдерде жеке адамның өзіндік оқшаулануларына алып келетін техникалық прогреске, ақпараттар дүмпуіне қарай бет бұрғаны айқын. Ал адамның рухани дамуы тек әлеуметтік қатынастар негізінде және адамгершілік принциптерін орнықтыру арқылы жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан халықтың сан ғасырлық даналығына, әлеуетті жетілдіретін адамгершілікке негізделген өзара түсінісу философиясына, діннің өнегелі озық қалыптарына және әлеуметте демократияны өрбітуге деген тәуелділік те осыдан туындайды.

Адамзат тарихының ең маңызды сапалық түпнегізі, тарихи санасының қаймағы оның ақыл-ойынан, парасатты ойлау тәжірибесінен байқалады. Ойлаудың ұғымдық, түсініктік жүйеленуі әлемдік философиялық дәстүрдің жарқын көрінісі ретінде танылады. Жалпы адами эволюцияның өлшемі ретінде даналық үлгілерін алуға болады. Дүниедігі құбылыстарға әр қилы бағалаулар беріп, әр түрлі өлшемдер арқылы сараптаулардан өткізу міндеті гуманитарлы ғылымдар алдында тұрған қасиетті міндет. Дегенмен, негізінен ойлау жүйесінің адами принциптерінің өзара ұқсастығына тәнті боламыз және әрбір мәдениеттің өзіндік көріністерінің, ерекше сипаттарының бар екенін де мойындауға тиістіміз.

Міне, осыған орай халқымыздың өзіндік ойлау жүйесі, философиялық мәдениеті бар екеніне еліміздің көрнекті кәсіби ғалымдары өткен ғасырдың екінші жартысында түбегейлі көңіл бөле бастады, даналықты байыптаған шығармалар жазыла бастады.

Қазақ философиясы адамзат тарихында ғасырлар бойы қалыптасқан әлемдік философияның ажырамас құрамдас бөлігі екені белгілі. Күні кешеге дейін бұл тақырыппен байланысты мәселелердің барлығы мұқият бақылауда болып, көбісі тыйым салынған дүниелер қатарында болып келгені баршаға аян. Өйткені, социализмнің принциптері тек бір коммунистік идеяның төңірегіне шоғырланғандықтан оған сәйкес келмейтін басқаша түсініктердің барлығын жоққа шығарып отырды. Тіпті, бұл тақырыппен айналысамын деген зерттеушілердің әрекеттеріне өткен қоғам «ұлтшылдықтың жалауын көтеру» деген үстірт бағалаулар беруге асықты.

Тоталитарлық қоғам қазақ философиясымен айналысамын деген азаматтардың осы мақсатта ұлттық ойлау жүйесін жандандыруға ұмтылғандарын да осындай бағалаулармен шектеп отырды. Міне, осындай идеологиялық тұмшалаудың арқасында тарих сахнасында әртүрлі рухани тереңдіктердегі өздерінің даналыққа толы тұжырымдарын бұқара халыққа жеткізген ойшылдардың шығармаларының мәтін түрінде қоғамда кең тарамай және ғылыми зерттеулер түрінде өз бағалауларын алмай ондаған жылдар бойы уақыт өткізгені белгілі.

Енді, міне қазіргі уақытта жаңа заманның тарихи кезеңі келді, рухани дүние де жаһандану жағдайында демократиялана бастады, яғни ойлау еркіндігінің ұстанымдары қоғамдық санада қиындықтар арқылы беки түсуде. Сөйтіп, философиялық даналықтың тарих доңғалығының астында жоғалып кетпей, халықтың рухының терең тамырларында бойлай орналасқанын, өмір сүре бастағанын куәміз. Мәңгіге жабылған шығар, енді олар Ақиқат әлемінен орын теппес деген тарихтың «ақ таңдақтары» бірте-бірте ғылыми кеңістікте мамандар үшін ізденістер ауқымы, ғылыми нысаны ретінде күн санап ашылу үстінде. Сол рухани күштердің, тарихи деректердің еркіндікке шығу кереметін, халық рухының шабыттық асқақтауын қазіргі заманда өз көзімізбен көріп, оның куәсі болып отырмыз.  Бұл құбылыстар шын мәнінде қазіргі тарихи кезеңнің дәуірлік, шынайы тарихи сипаттамасы болып табылады, этникалық жаңғыруымыздың бастамасы болары хақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Құнанбаев А. Қара сөздер. Поэмалар. Алматы: Ел, 1993. -154 б. 38- сөз.

2.  Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. Алматы: Қазақстан, 1991.- 80 б.

3. Философия тарихы: Оқулық. / Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.-288б.

4. Байтұрсынов А. Білім жарысы // Қазақ. – 1913.- 31 мамыр.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі: Өлеңдер мен дастандар. – Алматы, Раритет, 2005.- 256 б.

 

Космические неономады
Космические неономады

К 25-летию полета первого казаха в космос

Информация о материале
Nurlan SAQAN
Опубликовано: 04.10.2016
Создано: 04.10.2016
2756
  • Фото
  • Жизнь
  • Идеология
  • Общество
  • Личности

Живая легенда нашего народа Токтар Аубакиров совершил свой исторический полет в космос 2 октября 1991 года в возрасте 45 лет. Путешествие первого казаха в космическом пространстве продолжалось 7 дней, 22 часа и 13 минут. В этом году 27 июля вся страна отмечала 70-летний юбилей прославленного летчика-космонавта.

Инициатива отправки первого казаха в космос принадлежала Нурсултану Назарбаеву и была с воодушевлением поддержана народом, на чьей земле располагался Байконур, ставший колыбелью мировой космонавтики. Это воспринималось казахами как акт исторической справедливости.

Кто должен был стать этим покорителем космоса, было очевидно для всех – знаменитый летчик-испытатель Токтар Аубакиров.

Чтобы развеять все сомнения и придать ему решимости Президент Казахстана обратился к нему со ставшими крылатыми словами: «Мне этого не надо, я занимаю высокий пост, я глава республики, и тебе этого не надо, ты и так герой, но этот полет нужен твоему народу».

 toktar 1

toktar 2

toktar 3

toktar 4

toktar 5

toktar 6

toktar 7

На праздновании 70 летнего юбилея Токтара Онгарбаевича малоизвестным фактом, связанным с его полетом в космос поделился Имангали Тасмагамбетов. По его словам в исторический полет первый казах-космонавт взял памятный знак, полученный от интеллигенции республики, на котором был изображен шанырак в обрамлении крыльев, на них были написаны имена – Токтара Аубакирова и Талгата Мусабаева (дублера).  

К этой оригинальной эмблеме прилагалась также специальная записка – «Вы крылья народа, возводящие шанырак, а вместе с ним мечты и чаяния родной страны в космос».

Символично, что это побывавшая в космосе композиция, стала прообразом государственного герба независимого Казахстана.

toktar 8

toktar 9

toktar 10

toktar 11

toktar 12

Токтар Онгарбаевич Аубакиров является последним советским космонавтом, и первым казахом, открывший своему народу путь в космическое кочевье. Потомок традиционных номадов он с детства страстно мечтал о небе, самостоятельно поступил в парашютную секцию ДОСААФ, усердно занимался в пилотной секции Карагандинского учебного авиационного центра.

В 1969 году он окончил Армавирское авиационное училище, в 1976 году Школу летчиков-испытателей. С 1976 по 1990 годы работал летчиком-испытателем в ОКБ имени Микояна, был шеф-пилотом этого предприятия. Освоил и провел испытания более 50 типов самолетов, среди них такие всемирно известные боевые машины как МиГ-29 и МиГ-31, а также их различные модификации.

Токтар Аубакиров стал первым летчиком в СССР, осуществившим взлет на самолете МиГ-29К с трамплина авианосца «Тбилиси» 1 ноября 1989 года.

В этот же день чуть ранее он произвел посадку своей боевой машины на палубу этого тяжелого авианесущего крейсера, сразу после пилота Су-27 Виктора Пугачева. 

toktar 13

toktar 14

toktar 15

toktar 16

toktar 17

toktar 18

В 1988 году Токтару Онгарбаевичу Аубакирову было присвоено высокое звание Героя Советского Союза. В 1990 году он был удостоен звания заслуженного лётчика-испытателя СССР. В 1991 году получил почётные звания лётчика-космонавта СССР и Казахстана. В 1995 году стал Халык Каhарманы – народным героем страны Великой степи.

В прошлом году казахский отряд космических неономадов увеличился до трех человек, сделав мечту о покорении космических просторов гораздо ближе и реальней для тысяч казахстанских детей.

toktar 19

toktar 20

Появление в истории нашей страны яркой исполинской фигуры Токтара Аубакирова - первого казаха-космонавта, доктора технических наук, является вдохновляющим примером для современной молодежи, мечтающей о новых удивительных открытиях, научных подвигах и покорении необъятных просторов вселенной.

Важно культивировать в нашей стране технологический номадизм, стимулирующий дивергентное творческое мышление, которое лучше всего развивается в образовательной системе, ориентированной на STEM-области – науку, технологии, инженерию и математику. Именно они должны стать главным приоритетом для современных молодых techno-nomads.

В материале использованы фотографии: www.spacefacts.de, www.gctc.ru, www.akorda.kz и других интернет-ресурсов.

 

Транснациональные компании и Казахстан
Транснациональные компании и Казахстан

Транснациональные компании и конвергенция

Информация о материале
Ануар КАЛИЕВ
Опубликовано: 03.10.2016
Создано: 03.10.2016
3191
  • Деньги
  • Государство
  • Экономика
  • Бизнес

В настоящее время важными акторами международной системы отношений являются транснациональные компании, формирующие совершенно новую глобальную реальность.

Восхождение восточных гигантов

Ключевым трендом, определяющим главный вектор развития в этой сфере, становится эрозия доминирования американских корпораций и постепенное восхождение восточных корпоративных гигантов. Этот процесс нагляднее всего демонстрирует рейтинг крупнейших мировых компаний «Global 500» ежегодно составляемый журналом Fortune.

Так, в 2005 году в ТОП-10 глобальных корпораций входило семь американских компаний и всего одна из Азии (Япония), в то время как спустя всего одно десятилетие в 2015 году в нем осталось только две корпорации из США, а представительство азиатских компаний расширилось до четырех (3 – из Китая, 1 – из Японии). В целом, по версии журнала Fortune сегодня корпорации трех азиатских стран Китая, Японии и Южной Кореи составляют 35% списка 500 глобальных компаний мира по итогам 2015 года.

Вместе с тем, стоит отметить, что снижение американского представительства в глобальных корпоративных рейтингах происходит в основном за счет количественных показателей (объем выручки и стоимость активов), в то время как качественная составляющая (технологии и эффективность управления) все еще позволяет им занимать лидирующие позиции в мире.

Так, например, в рейтинге ТОП-50 самых инновационных компаний мира 2015 года Boston Consulting Group в первую десятку входят шесть американских корпораций во главе с Apple, Google и Tesla, азиатские компании в ней представлены Samsung и Toyota . При этом во всем этом рейтинге американские компании составляют почти 60%, в то время как азиатские только 20%. Это наглядно демонстрирует феноменальную технологическую мощь корпоративного сектора США, базирующуюся на качественном человеческом капитале и научно-исследовательских достижениях.

Схожая картина наблюдается и в стоимости брендов ведущих корпораций мира, которая во многом отражает эффективность менеджмента и маркетинговых стратегий. Согласно рейтингу международной консалтинговой группы Interbrandв ТОП-100 самых дорогих глобальных брендов 2015 года входят восемь американских компаний во главе с Apple, Google и Coca-Cola, а зиатские компании в этом рейтингепредставляют Toyota и Samsung.

Здесь стоит отметить, что корпоративный бренд Apple оценивается в 170 миллиардов долларов – это практически сопоставимо со стоимостью национального бренда Казахстана.

Вместе с тем, в общем списке самых влиятельных глобальных брендов на долю американских компанийприходится более 50%, в то время как азиатские корпорации составляет в нем около 10%.

Данный факт убедительнее всего говорит о том, что американские предприниматели лучше других используют возможности глобального рынка, успешно создавая и продвигая на нем новые уникальные продукты, востребованные потребителями как развитых, так и развивающихся стран. Таким образом, популярные во всех «закоулках планеты» американские корпоративные бренды формирует позитивный имидж США, усиливая ее «soft power» и культурную притягательность для всего мира.

В целом, в настоящее время в американском корпоративном секторе наблюдается все более усиливающийся тренд по смене приоритетов с традиционного пути развития на инновационные модели роста, когда вместо стратегии экстенсивного расширения делается ставка на интенсивные методы и качественное улучшение своей деятельности.

Важно понимать, что восхождение азиатских компаний, преимущественно китайских, в глобальном масштабе во многом определяется количественными параметрами, в то время как технологическое первенство и лидерство в менеджменте все еще принадлежит американским корпорациям. Однако в последнее время присутствие китайцев в мировом технологическом секторе становится все более заметным, благодаря таким компаниям как China Mobile, Tencent, Baidu, Huawei и многим другим.

Стратегия конвергенции

Большой не значит лучший, зачастую чрезмерный объем и масса вредят «экономическому здоровью», делают организм малоподвижным и слабоуправляемым. Эффективность не означает доминантного положения на рынке, существует множество примеров, когда лидерами отрасли являются небольшие компании, которые смогли за счет инноваций и грамотного менеджмента добиться значительных успехов в своей сфере. При этом не обязательно принадлежать к сектору высоких технологий, любая компания может стать инновационной, даже в такой традиционной отрасли как добыча и транспортировка углеводородов.

Например, по итогам 2015 года Boston Consulting Group в ТОП-10 глобального рейтинга самых доходных компаний мира включила американскую нефтегазовую корпорацию Cheniere Energy, которая осуществляет свою деятельность на рынке добычи и транспортировки сланцевого газа.

Имея рыночную капитализацию всего около 10 миллиардов долларов, она значительно превзошла по показателю средневзвешенного совокупного дохода акционеров (total shareholder return), признанных лидеров углеводородного сектора, имеющих капитализацию в несколько сотен миллиардов долларов. Национальная компания Казмунайгаз также обладает значительно большей капитализацией, чем Cheniere Energy. В этом смысле данный пример демонстрирует важность адекватного стратегического планирования, когда ограниченные ресурсы небольшой компании своевременно концентрируются на очень узком направлении, за счет такой точечной специализации они способны на равных конкурировать с гигантами рынка, а в некоторых случаях добиваться более лучших результатов.

Вместе с тем, лидером глобального рейтинга самых доходных корпораций мира является биофармацевтическая компания из США Pharmacyclics, которая целенаправленно разрабатывает такие инновационные темы как геномика и персонализированная медицина.

Ее лидерство закономерно, поскольку в современных условиях построение эффективных бизнес-моделей тесно связано с поиском новых идей, в том числе и в смежных направлениях.

Их системное изучение помогает предпринимателям открывать нестандартные пути для роста – находить удачные технологические решения в соседних отраслях и использовать свои собственные наработки и опыт для продвижения на новых рынках.

В условиях сверхплотной мировой конкуренции, успешные коммерческие корпорации стремятся в своих стратегиях к конвергенции – сближению различных отраслей экономики. К примеру, одна из лучших биофармацевтических компаний мира Bayer Pharmaceuticals начала развивать свою деятельность в области растениеводства. В свою очередь продвинутые химические компании находят новые способы применения низкомолекулярных веществ в производстве косметики, продуктов питания и вкусовых добавок. Глобальные лидеры нефтегазового сектора занимаются активным развитием альтернативных источников энергии.

Для успешного продвижения на мировых рынках ведущим казахстанским компаниям необходимо также активно использовать стратегию конвергенции, которая во многом схожа с междисциплинарным подходом в науке, позволяющим добиться впечатляющих результатов при поиске прорывных идей для решения застарелых проблем и открытия новых направлений развития. В этом контексте такие компании как Казмунайгаз и Казатомпром могут искать варианты для усиления своих рыночных позиций в секторе альтернативной энергетики, в то время как Казакстан темир жолы и Казпочта имеют отличные перспективы в сфере логистики и электронной коммерции. Вместе с тем Казкоммерцбанк и Народный банк способны добиться существенного прогресса на рынке мобильных технологий и интернет-банкинга. Однако наиболее высокими шансами на успех обладает Казахтелеком в случае системного выхода на рынок масс-медиа и интертеймента.

Стратегические альянсы

Помимо конвергенции важным фактором повышения эффективности чемпионов корпоративного сектора Казахстана, может стать концентрация усилий и ресурсов на каком-то одном из ключевых направлений и поиск новой перспективной рыночной ниши на стыке традиционных отраслей экономики.

Нужно понимать, что изначально, стратегия являлось искусством генералов, в котором главным элементом было умение обеспечить подавляющее превосходство на узком участке фронта для решающего прорыва и достижения победы. Казахстанским компаниям необходимо жестко придерживаться этого базового принципа стратегического мышления, поскольку по меркам глобального рынка они в своем большинстве являются скромными игроками, обладающими незначительными материальными ресурсами и финансовыми возможностями. 

Кроме этого, увеличить шансы на успех нашим корпорациям в глобальной конкуренции с мировыми гигантами позволит также выстраивание равноправных партнерских отношений с профильными компаниями из стран условного «среднего класса» с соответствующим уровнем технологического и бизнес развития.

Создание отечественным бизнесом стратегических альянсов с партнерами из этих государств откроет уникальные возможности для эффективного объединения финансово-материальных ресурсов и профессиональных компетенций.

Данный формат мягкой экономической интеграции может быть ориентирован на разработку каких-то конкретных продуктов, продвижение новых проектов, обмен технологиями, осуществление совместных инноваций, распределение инвестиционных рисков и так далее.

Одним из успешных примеров стратегических альянсов в бизнесе является Альянс Renault-Nissan, позволивший значительно снизить издержки и добиться максимальной синергии в производстве, инженерных разработках, маркетинге и закупках. По оценкам экспертов годовая синергия франко-японского альянса автопроизводителей в 2016 году составит практически 4,5 миллиардов евро.

В условиях новой глобальной реальности и долгосрочного снижения традиционных рынков сбыта казахстанских товаров нашим корпорациям необходимо задействовать максимально широкий спектр возможностей. Создание и продвижение взаимовыгодных альянсов с равновесными компаниями других государств «среднего класса» позволит значительно расширить стратегические горизонты развития отечественного бизнеса и закрепит его лидирующую роль в регионе Центральной Евразии.

Для реализации этого сверхамбициозного плана потребуется новая генерация менеджеров, своеобразных предпринимателей-неономадов, способных эффективно работать в условиях повышенной неопределенности, прекрасно ориентирующихся в сверхплотной динамике международных рынков и умеющих взаимодействовать с людьми различных культурных традиций.

В рамках логики известной максимы «бизнес – это война», рожденной в жестком противоборстве японских корпораций с американским господством в мировом бизнесе, можно предложить новую сюжетную линию, в которой помимо потомков самураев свою роль могут сыграть и «тумены» современных номадов в виде передовых казахстанских компаний, готовых начать «умную» экспансию в глобальном масштабе.

 

  • 38
  • 39
  • 40
  • 41
  • 42
  • 43
  • 44
  • 45
  • 46
  • 47