- Информация о материале
- Әділ АХМЕТОВ
- 2158
2013 жылы айтулы саясаткер Генри Киссинджердің кіріспе сөзімен Сингапур өкіметін 31 жыл (1959-1990) басқарған, абырой-атағы бүкіл әлемге мәшһүр Ли Куан Ю туралы ағылшын тілінде ғибраты мол кітап жарық көрді. Бұл туынды АҚШ-тағы Гарвард университетінің ірі ғылыми орталықтарының жетекшілері Грэхем Аллисон, Роберт Блэквилл және Али Уайн сынды танымал ғалымдардың Ли Куан Юмен жүздесіп, Қытай мен Америка Құрама Штаттарының ертеңі және олардың келешек қарым-қатынастары, Индияның болашағы, әлемдегі терроризм мен экстремизмнің тамырлары, Сингапурдың ұлттық экономикасының өркендеуі, әлемдік геосаясат пен жаһандану және демократияның көкжиегі туралы сыр бөліскен сындарлы сұхбаттарына негізделген. Туындының авторлары Ли Куан Юдің өз қаламынан шыққан «From Third World to First: The Singapore Story» («Үшінші әлемнен бірінші әлемге: Сингапур тарихы») және де басқа еңбектері мен сөйлеген сөздерін назарларынан тыс қалдырмаған.
Көреген көшбасшылығының арқасында көсемдіктің шыңына шығып, жаңа дәуірдегі Сингапурдың атасы атанған Ли Куан Ю былтыр тоқсан бір жасында өмірден өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан, ол 2011 жылға дейін аттан түспей, екінші министр, ақылшы министр лауазымдарын да мінсіз атқарып, өкімет мүшелерінен абыздық ақыл-кеңесін аямаған.
Ли Куан Юдің ғибратты мол өмір жолы кемел ақылдың тозбайтын құндылық екенін бүкіл әлемге паш етіп, тарихты тек отанын шексіз сүйетін, өзі сияқты дарын мен өнегесі мол, ұлтжанды көсемдер ғана жасай алатынын дәлелдеп тұрғандай әсер қалдырады.
1959 жылы Ли Куан Ю Сингапурдың Үкімет тізгінін қолға алған шақта, Оңтүстік шығыс Азиядағы ұлтарақтай ғана аралда орналасқан Сингапурдың мемлекеттігі мен егемендігі қыл үстінде шатқаяқтап тұрған-ды. Сондықтан да ол кезде ел болашағының баянды болатынына көрші мемлекеттердің ғана емес, ел ішінің де сенімінен гөрі күдігі басым болатын. Алайда бұл күдік пен сенімсіздікті іскер де батыл, ғұлама Ли Куан Ю сейілтіп қана қойған жоқ, бар болғаны отыз жылдың ішінде өз елін әлемдегі пәрменді экономикалардың біріне айналдырып, Сингапур халқының сол кездегі жан басына келетін жұпыны табысының бүгінгі таңда 50 мың доллардан асып түсуіне аямай тер төккені байқалады.
Ли Куан Ю жетекшілік еткен жылдары Сингапур мемлекетінің қанаты тез қатайып, қарыштай дамиды. Соның нәтижесінде аса маңызды халықаралық экономикалық хабқа айналып, бүкіл әлемге кеңінен танылады және Тынық Мұхит аймағындағы көпжақты байланыстар мен тоғыз жолдың түйінді торабына ұласып, тамсанарлық жетістіктерімен бүкіл әлемді таңдандыруда.
Сондықтан да болар, соңғы жарты ғасыр ішінде әлем мемлекеттері басшыларының арасында Ли Куан Юмен жүздесуге тырыспаған немесе оның ақыл-кеңесін алуға ұмтылмағандар жоқтың қасы десек, артық айтқандық емес. Олардың қатарында АҚШ президенттері Ричард Никсон, Джордж Буш (Джордж Герберт Уокер), Билл Клинтон, Барак Обама, 1995-2007 жылдар арасындағы Франция президенті Жак Ширак, 1989-1994 жылдар арасындағы Оңтүстік Африка президенті Ф.В. де Кларк, Қытай көшбасшылары Ден Сяо Пин, Си Цзиньпин, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, сол сияқты өз замандарында Ұлыбританияның Үкімет тізгінін ұстаған Маргарет Тэтчер, Джон Мейджор, Тони Блэр, Германия канцлері Гельмут Шмидт, жаһандық корпорациялар мен экономикалық институттардың жетекшілері Руперт Мердок (News Corporation), Джон Чемберс (Cisco Systems), Сэм Палмизано (IBM), Рекс Тиллерсон (Exxon Mobil), Роберт Золик және Джеймс Вулфенсон (World Bank), Мухтар Кент (Coca-Cola), сонымен қатар күллі әлемге әйгілі саясаткерлер Генри Киссинджер, Хиллари Клинтон, Джодж Шульц, Мадлен Олбрайт, Збигнев Бзежинский және қаламдары ұшталған Николас Кристоф (New York Times), Дэвид Игнатиус (Washington Post), Фарид Закария (Time) сынды атақты журналистер де бар.
Осыншама айтулы тұлғалардың назарын өзіне қаратқан тума талант иесі туралы жазылған жаңа туындыны сүзе оқыған кез келген оқырман, ең алдымен, о баста үшінші әлемге тән кедей елдердің бірі болған Сингапурды тарихи қысқа мерзім ішінде бірінші әлемнің ең озық елдерінің қатарына қосудың Ли Куан Ю үшін оңай болмағанын бірден байқайды және оның сол бір қиыншылығы мол жылдардағы сын қатерлерге қарамастан, Сингапур халқын жасампаз жобаларға жұдырықтай жұмылдырып, толағай табыстарға жетуге дем берген интеллектуалдық қуатының қыр-сырымен де жете танысады.
Шындығында да, Ли Куан Ю жеткен жетістіктер мен ол алған биік асулардың сыры неде дейтін түйінді сұрақтың жауабын іздер болсақ, онымен жүздесіп, ішкі дүниесіне үңілген сұңғыла саясаткерлер мен іскер топтардың аталмыш туындыдан орын тапқан түйінді пікірлеріне соқпай кету мүмкін емес. Ендеше, әңгіме өзегін де солай қарай бұрайық.
Отанға деген ыстық сезім отбасынан басталады емес пе? Ли Куан Ю 1923 жылы Сингапур қаласының тегі қытай отбасында дүниеге келеді. Туған қаласының мәдени құндылықтарынан сусындап, орта мектеп пен колледж бітірген соң, жоғарғы білімді Ұлыбританияның Кембридж университетінен алады. 1949 жылы отанына қайта оралып, алдымен адвокаттық жұмысқа кіреді. Соңыра кәсіподақ қозғалысына атсалысып, саясатпен түбегейлі айналысады. Белсенді қызметінің нәтижесі болар, 1954 жылы «Халық әрекеті» партиясының бас хатшысы болып тағайындалады. 1959 жылғы сайлауда Ли Куан Юдің беделді партиясы жеңіске жетіп, ол Сингапурдың тұңғыш премьер министрі лауазымын иеленеді де ел билігін қолына алады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні осы ғана.
Солай бола тұрғанмен, осы бір қысқа мәліметтің өзінен-ақ тума таланттың еліне деген сүйіспеншілігі мен ұлтжандылығының тамыры отбасынан басталғанын, Сингапурдағы беделді оқу орындарымен қатар әлемнің ең әйгілі университеттерінің бірінен алған терең білімі мен тағлымы, әсіресе, ағылшын тіліне жетіктігі оның өз қатарынан оқ бойы суырылып шығып, жауапкершілігі мол саяси лауазымдарға көтерілуіне берік баспалдақ болғанын айқын сезінуге болады.
Биік парасат пен тәртіп және кемел ақылдың байлықты алмастыра алатынына көзі кәміл жеткен ғұлама саясаткер Генри Киссинджер осы қасиеттердің барлығын да Ли Куан Юдің бойынан тапқанын жасырмайды.
Кітапқа жазған кіріспе сөзінде ол былай дейді: «Ұзақ жылдар бойы Ли Куан Юді Америка Құрама Штаттары өзінің ажырамас досы санады. Алайда билік иесі болғандығы үшін емес, керемет ақыл-ой мен биік парасат иесі болғандығы үшін. Ғұлама айтқан уәждердің дәлдігі мен тереңдігі сонша, онымен жүздескен адамдар білімдеріне білім қосып алғандай, рухани тұрғыдан бір байып қалатын. Ұзақ жылдар бойы ара-тұра Вашингтонға ат басын бұрған сайын, онымен жолығысуға ұмтылатындардың саны еш азаймайтын. Олардың ішінде Америка билігінің басында тұрған биік лауазымды тұлғалармен қатар сыртқы саясат пен дипломатияның көрнекті өкілдері де жиі ұшырасатын».
Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың: «Ли Куан Ю өз айналасына әлемнің озық стандарттарын өкімет жүйесіне енгізе алатын дарынды мамандар мен білігі мен қабілеті мол тұлғаларды ғана топтастыратын... Ол елге басшылық еткен жылдары мемлекеттік мүдде, білім мен еңбек, үнемділік және көрегендік секілді құндылықтарды үнемі бірінші орынға қоятын еді», – деуі сегіз қырлы бір сырлы тұлғаның адами қасиеттерін толық ашып тұрғандай.
АҚШ-тың заманауи интернет технологиялары мен құрал-жабдықтарын өндіріп-сатумен айналысатын трансұлттық CISCO Systems корпорациясының кәсіпкер жетекшісі Джон Чемберс жоғарыдағы пікірлерді одан да бетер толықтыра түсетін мына бір өзекжарды ойды ортаға салады: «Өмірде теңестіруші екі күш бар, оның бірі – интернет, ал екіншісі – білім. Ли Куан Ю болса, осы құндылықтардың екеуін де жете меңгеріп, олардың қуат-күшін іс жүзінде шегіне жеткізе пайдалана білген шебер тұлға. Сондықтан да ол – Сингапурды интернет экономикасының табысты мекеніне айналдырған әлемдік көшбасшы».
Бизнес әлемінің және бір ірі өкілі – трансұлттық Coca-Cola компаниясының жетекшісі Мухтар Кент Ли Куан Юдің сыртқы саясат пен халықаралық аренадағы ауқымды ролін былайша сипаттайды: «Тарихта өзінің туған елі мен Оңтүстік Шығыс Азияға мәртебесі биік Ли Куан Ю секілді соншама мол жақсылық жасаған тұлғалар саусақпен санарлық ғана. АСЕАН-ға (Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы) мүше елдер экономикасының өсуі мен дамуының артында тұрған қозғаушы күштің де Ли Куан Ю екені белгілі. Ол Оңтүстік Шығыс Азия аймағындағы миллиондаған халықтың бейбіт өмір мен экономикасы өркен жайған кеңістікте ғұмыр кешуіне көмегін аямады».
Кітап авторларының негізгі мақсаттарының бірі Ли Куан Юдей сұңғыла қайраткердің, әсіресе, Қытай мен Америка Құрама Штаттарының, сол сияқты Индияның болашағы туралы пікірлерін тікелей өз аузынан естуге тырысқандары жасырын емес. Сондықтан да Гарвардтың сақа саясаткерлерінің төтесінен қойған сұрақтарының кез келгеніне өмір тәжірибесі мен білім тереңдігіне құрық бойламайтын Ли Куан Ю де іркілмей жауап бере отырып, тұшымды да татымды ойларын бүкпесіз жайып салады.
«Қытай көшбасшылары әлемдегі бірінші экономика саналатын АҚШ-ты екінші орынға ығыстырып шығаруға шынымен-ақ дәмелі ме?» деген төте сұраққа Ли Куан Ю бөгелместен: «Әрине, дәмелі», – деп, келте жауап береді де, неге олай дейтінін дәлелді де дәйекті айғақтармен тиянақтайды.
Біріншіден, Нью-Иорктегі «Goldman Sachs» атты әлемге танымал американдық банк жүргізген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, келесі 20 жылда Қытай әлемнің ең үлкен экономикасына айналады деген нақты пікір қалыптасып отырғанын көлденең тартады.
Екіншіден, Америка секілді Қытай да космосқа адам ұшырып, істен шыққан жер серіктерін өз зымырандарымен атып түсіре алатын әлеуетке жеткеніне сілтеме жасайды.
Үшіншіден, Қытай мәдениетінің 4000 жылдық терең тарихы бар екенін естен шығармау керектігін еске салды.
Төртіншіден, Қытайдың бір миллиард үш жүз миллион халқының ішінен қанша қажет болса, соншама талант пен парасат иелерін таңдап алуға мүмкіндіктің жетіп артылатынын тілге тиек етеді.
Бесіншіден, бүгінгі таңдағы Қытайдың әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан мемлекет екенін және бұл елдің әрбір азаматы Қытайдың Америка, Еуропа немесе Жапония секілді бай-бақуатты, оза дамыған, гүлденген және технологиялық бәсекеге толық қабілетті ел болғанын көксейтінін әрі осы ғасырда АҚШ-пен терезесінің теңелуіне бар күшін салатынын, сол үшін Қытай қазірдің өзінде-ақ талантты жастарын таңдап алып, білімін ұштап, ғылым мен технологияға, экономика мен бизнеске және ағылшын тіліне белсенді баулуға қолдан келген мүмкіндіктердің бәрін де жасап жатқанын да ескертеді.
Алтыншыдан, Қытайдың ең негізгі басымдығы әскери қуатында емес, керісінше, экономикалық ықпалының күштілігінде тұрғанын еске салып, жұмыс қолы мол әрі арзан болғандықтан, бұл елдің кез келген өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндігінің жеткілікті екеніне және өзге мемлекеттерді қызықтыратындай ішкі нарығының шексіздігіне ерекше екпін бере келіп, бұл тұрғыдан, Қытайдың экономикалық ықпалы мен ішкі мүмкіндіктерінің Америкамен салыстырғанда әлдеқайда басым тұрғандығын жасырмайды.
Америка Құрама Штаттарының болашағына қатысты қойылған өткір сауалдарға Ли Куан Юдің берген жауаптары да кез келген оқырманның көңілін көншітеді.
Білікті сарапшы әлемдегі бірінші державаның кәсіпкерлік пен бизнес, экономика, ғылым, әскери сала, технология, инновация, инвестиция, сыртқы саясат, инфрақұрылым, космос немесе өзге де салаларда қол жеткізген табыстары мен басымдықтарының өзге елдермен салыстырғанда оқ бойы озық тұрғанын бірауыздан мойындай отырып, әлгілердің түпқазығы мен іргетасы ағылшын тілімен тікелей байланысты екеніне ерекше мән берді.
Айтса айтқандай-ақ, бұл жерде Ли Куан Юмен келіспеу мүмкін емес. Өйткені халықаралық қатынас құралы ретінде ағылшын тілі бүгінгі таңда білім мен ғылымның, экономика мен геосаясаттың, технология мен инновацияның, компьютерлік бағдарламалардың, бизнес пен кәсіпкерліктің, интернет коммуникациясы мен ақпарат құралдарының, банк жүйелері мен халықаралық қаржы институттарының, әлемдік ғылыми журналдар мен академиялық басылымдардың, халықаралық конференциялар мен форумдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатияның, халықаралық авиация мен туризмнің және сол салалармен байланысты қамсыздандыру қызметінің, халықаралық жарнама мен сауда-саттықтың, импорт пен экспорттың, телевидение мен аудио-видео өнімдерінің, қала берді халықаралық заңдардың да тіліне айналып кеткенін жоққа шығару мүмкін емес.
Оның үстіне, ағылшын тілді Америка иммигранттар елі болғандықтан, бұл мемлекетке шетелдерден ағылшын тілін жетік білетін мыңдаған талантты жастар мен ғылымның шыңына шыққан ғұлама ғалымдар да ағылып келіп, тез сіңіп жатады. Олардың ішінде әлемнің маңдай алды математиктері де, физиктері де, химиктері мен биологтары да, экономист ғалымдары да, өзге саланың өкілдері де жетіп артылады. Бұл пікірдің айғақты дәлелі ретінде тек Еуропа ғана емес, бүгінгі таңда бүкіл әлемнің көшбасшы ғалымдарының ағылшын тіліне жүйрік екенін айтсақ та жеткілікті.
Ал Америка Құрама Штаттары болса, аталған қыруар мүмкіндіктерді шебер пайдалана отырып, шеттен талант тартудан алдына жан салмайды. Есесіне, мұндай үдеріс Американы инновациялық идеялар мен заманауи технологиялардың да, кәсіпкерліктің де, сан түрлі бизнестің де инкубаторына айналдырып отыр. Ендеше, Нобель сыйлығымен марапатталған әлем ғалымдарының басым көпшілігі неліктен осы елге тиесілі деген сұрақтың жауабы да жоғарыда аталған факторлармен тікелей байланысты екені айдан анық.
Дәл осы тұста Сингапур экономикасының атасы атанған Ли Куан Ю жүргізген табысты реформалардың бірі ғана емес, бірегейі де ағылшын тілін мемлекеттің әкімшілік және бизнес тіліне айналдырумен байланысты болғанын ерекше атай кетудің реті бар. Өйткені 1959 жылы Ли Куан Ю Сингапур өкіметінің билік тізгінін қолға алған кезде, халықтың саны 3 миллиондай ғана болғанына қарамастан, лингвистикалық қиындықтар шаш-етектен болатын. Себебі ортақ қатынас құралы болмағандықтан, ат төбеліндей ғана Сингапур халқы қытай, малай және тамиль тілдерінің бір-бірінен мүлде алшақ ішкі диалектілерінде сөйлейтіндіктен, үш этнос өкілдері бірін-бірі жете ұға бермеген. Сондықтан мұның экономикаға тигізетін зардабы да көп болатын. Енді міне, 30 жыл бойы табандылықпен Ли Куан Ю жүргізген реформаның нәтижесінде, ресми тіл төртеу (ағылшын, қытай, малай, тамиль) болғанымен, халықтың басым көпшілігі ағылшын тілін жете меңгеріп алған. Соның арқасында Сингапур жарты ғасырдан бері өзінің ең жақын экономикалық әріптесі болып саналатын АҚШ-тың басымдықтары мен мүмкіндіктерін өте шебер пайдалана отырып, ол елден инновациялық технологиялар мен білікті мамандар тартуды да, тікелей инвестиция келтіруді де жақсы жолға қойып алған. Сондықтан да екі елдің арасындағы алыс-беріс жылдан-жылға көбеймесе, азайып отырған жоқ.
Солайы солай, бірақ Ли Куан Юдің Америка Құрама Штаттарын бес саусақтай білетіні соншалық, алпауыт елдің етегіне жармасып отырған әлеуметтік кемістіктері де жеткілікті екенін айқара ашып береді.
Ең алдымен, Ли Куан Ю өзімен сұхбаттасып отырған америкалық ғалымдардың назарын сайлау кезіндегі олқылықтарға аудара отырып, Америка ақпарат құралдары жасанды бояуды қалыңырақ жағып, жабыла жарнамаласа, көшбасшылық лауазымдарға қабілеті мен ішкі дүниесі жұтаң азаматтар да сайланып кететінін көлденең тартты. Бірақ олардың арасынан Черчилльдер мен Рузвельттер немесе де Голльдер шығады дегенге сене алмайтынын жасырмады.
Екіншіден, Ли Куан Ю Американың саясаткерлерінің дамуға тек демократия ғана алып келеді деген уәжін мүлде қостамайтынын бетке айтады. Оның пікірінше, елдің дамуы үшін, демократия емес, ең алдымен еңбекқорлық пен тәртіп керек, өйткені шектен шыққан демократия тәртіпсіздік пен берекесіздікке соқтырып, дамуға қолбайлау болады. Сондықтан мемлекеттің саяси жүйесінің мықтылығы, ең әуелі, халықтың басым көпшілігінің әл-ауқатын арттыруға қабілеттілігімен өлшенуі тиіс. Екіншіден, күллі халықтың құқын теңгерімді ете алатындығымен таразылануы шарт.
Үшіншіден, Ли Куан Юдің топшылауынша, Америка мәдениетінің кейбір қырлары сын көтермейді. Қауіпті қарулардың қолжетімділігі, есірткімен байланысты қылмыстардың жиілігі, көшедегі қаңғыбастық, зорлық, ұрлық-қарлық, көпе-көрнеу жасалатын жүгенсіздік пен сорақы қылықтар, түптеп келгенде, азаматтық қоғамның ірігенінің сипаты. Жеке бастың бостандығы мен еркіндігін асыра малданғандар күнбе-күн ойына не келсе соны істеп жатса, бұл күллі қоғамның бұзылып, моральдік құндылықтарының тозғаны. Сосын, ара-тұра азиялықтар Америкаға бара қалса, ондағы заң мен тәртіптің бақылаусыздығын және жоғарыда аталған ұсқынсыз дүниелерді, оның ішінде, шіріген байлық пен сіңірі шыққан кедейлікті көргенде, төбе шаштары тік тұрып қайтатынын да Ли Куан Ю мүлде жасырмайды.
Төртіншіден, Ли Куан Ю американдық ақпарат құралдарының кемшіліктерін де ашып айтады. Өкінішке орай, әлгі ақпарат құралдарының өкілдері өз елінің төл мәдениетін зор санап, өзгелердікін қор санауға машықтанып алған. Сондықтан да Сингапур басшыларына да инеліктей қадалып, оларға автократтар, диктаторлар деген айдар тағады. Шектен шыққан қатыгез әрі адам құқын тұншықтырушы қоғамның иелері деп, кемсітіп, шеттетуге тырысады. Бұл туралы Ли Куан Ю өз ойын былай қорытады: «Неге дейсіз ғой? Себебі біздердің ел басқару құндылықтарымыз бен ұстанымдарымыз олардың идеяларына сай келмейді. Бірақ солай екен деп, өзгелерге өзіміздің өмір сүру салтымызбен эксперимент жасауға жол бере алмаймыз. Оның үстіне, американдық ақпарат құралдарының біздерге таңбақшы болып отырған идеялары – мүлде дәлелденбеген теориялар. Ол теориялар кезінде Шығыс Азиядағы Американың отары болған Филипинде де, ия болмаса Тайваньда немесе Корея, Тайланд сияқты егемен мемлекеттерде де ешқашан құндылық болып саналған емес».
Сосын, Ли Куан Ю Сингапурдың мемлекет басқарудағы ұстанымдары мен өз құндылықтарының еш уақытта да өзгермейтінін шегелей түседі.
«Егер ол құндылықтар өзгеретін болса, Сингапур Оңтүстік Шығыс Азиядағы қызыл нүктеден қара нүктеге айналады», – дейді ол. Артынша, жұмбақтау сөзінің мәнін ашып, мына бір асыл ойын ортаға тастайды: «Мемлекеттің ұлылығы тек жер көлемімен ғана өлшенбесе керек. Ұлылықты жұдырықтай жұмылған халықтың жігері мен бірлігі, табандылығы мен тәртібі және сол мемлекетті тарихтың құтты мекеніне айналдыруға ұмтылған ұлтжанды көшбасшылары мен көсемдерінің сапасы ғана сомдайды... Сондықтан да мені Батыс әлемінің шаншу сөздері мен жөнсіз мін таға сынайтыны емес, билік тізгінін өзіме сеніп тапсырған халқымның, түптеп келгенде, қандай баға беретіні көбірек ойландырады».
Қорыта айтқанда, Ли Куан Юдің осындай өзекжарды ішкі сырлары мен тастүйін ұстанымдарын құрметтемеу мүмкін емес. Өйткені мұндай ізгі қасиеттер мен батылдық, ең алдымен, туған елі мен халқын қапысыз сүйетін ұлтжанды тұлғалардың ғана қолынан келетініне көзің жетеді. Олай болса, өзгелерге өнеге болған Сингапур көсемінің іс-әрекетіне бәрекелді деуден басқа қосып-алар ешнәрсе жоқ.
- Информация о материале
- Зеке ТАРПАН
- 3362
Традиционной проблемой наших городов являются дороги. Качество ремонта дорожного покрытия во многом отражает уровень технологического и культурного развития различных стран.
Ямочный ремонт в США
Ямочный ремонт в Японии
Ямочный ремонт в Казахстане
Иногда ситуация с ремонтом дорог в нашей стране выглядит еще более удручающей, а «инновационные» технологии, применяемые для ямочного ремонта, зачастую бывают похожи на те, что используют в этой забавной картинке.

Состояние российских дорог не намного лучше. Так, в соседней с нами Свердловской области в рамках уличного социального протеста волонтеры прямо на дорогах нарисовали портреты своих чиновников. При этом рисунки были сделаны так, что ямы на дорожном полотне стали разинутыми ртами этих персонажей региональной коммунальной политики, а также были подписаны их невыполненными обещаниями отремонтировать дороги.

В результате за короткий промежуток времени коммунальным службам российского региона пришлось отремонтировать большую часть проблемных дорог.
Это хороший пример успешного гражданского активизма, который в той или иной форме может быть использован в Казахстане. Поскольку плохое качество дорог в наших городах – это не только проблема технологическая, но прежде всего социокультурная, а отчасти и политическая.
Как говорил в булгаковском «Собачьем сердце» профессор Преображенский: «Разруха не в клозетах, а в головах».
- Информация о материале
- Зеке ТАРПАН
- 1801
Произошло необыкновенное чудо – в горах родился ручей, сразу ожил и побежал. И в этом беге, медленном и быстром, он ни о чем не задумывался. И бросался туда, куда хотел, почему-то веря, что с ним нигде и ничего плохого случиться не может.
С самого рождения ручей знал о своей миссии – слиться с могучей рекой и стать частью необъятного моря, но в юности он редко о ней задумывался. Молодой ручей наслаждался движением и свободой, бездумно отдаваясь силе, которая вела его в неведомое будущее.
Шло время, он повзрослел и возмужал, и все чаще стал задумываться о цели своего путешествия, о том, хватит ли ему жизни, чтобы достигнуть ее.
Все больше погружаясь в тяжелые размышления, он перестал замечать все вокруг, ничто не приносило ему радости и удовольствия. Постепенно его стали окружать безжизненные пейзажи пустыни. Совсем скоро она обрела черты непреодолимой преграды. Он попробовал выбраться из нее привычными способами, но пустыня была огромна, обойти ее было невозможно. Ручей охватило липкое и коварное уныние, бег его замедлился и через некоторое время он остановился, обессиленный и лишенный уверенности в своих силах.
Однажды безмолвной ночью, находящийся в длительной прострации ручей стал вслушиваться в шепот песков, едва различая отдельные слова и фразы: «Сам ты не сможешь преодолеть пустыню. Обратись за помощью к ветру».
Но ручей отказывался верить в то, что не способен найти спасительную лазейку в мрачных навождениях своего сознания.
Он привык доверять только себе и все еще надеялся на таинственную силу, которая вела его все эти годы вперед.
– Ты просто боишься измениться, но не заметил, что давно изменил самому себе, потому что остановился и постепенно превращаешься в болото, от тебя уже пахнет затхлой тиной обыденности. Раньше, в молодости, у тебя был свой особый путь, а теперь ты ходишь по кругу и неумолимая воронка повседневности засасывает тебя все глубже и глубже, – проникновенно сказали пески.
– Я знал, я чувствовал, что меня ведет неведомая сила, но сейчас я запутался и не понимаю что делать, – растерянно захлебываясь, пробормотал ручей.
– Сила, которая тебя вела, которая ведет другие ручьи – это слепая жажда жизни. Она может научить ходить или бежать, но важно понять, куда и зачем ты идешь. Многие теряют смысл жизни и останавливаются, погружаясь в трясину своих страхов и комплексов. Другие начинают отчаянно бороться, но в любом случае все они проигрывают, если не случается чудо и они не встречают на своем пути учителя, – вздохнули тысячелетней пылью пески.
- Нет, это не так, я способен сам найти все правильные дороги в этом ненадежном мире произрачных миражей, – убежденно ответил ручей и с удвоенной энергией продолжил самоотверженную эпопею своего одиночного спасения.
Но чем больше он сопротивлялся, тем больше он погружался в зыбучие пески безысходной реальности.
Окончательно обессилив и впав глубокую депрессию, он даже попытался вернуться к прежней спокойной жизни, но уже не смог стать простым заурядным прудом или тихим болотом. Только при одной мысли об этом, все его естество гневно бурлило, разжигая яростное негодование и ненависть к этому жестокому и несправедливому миру.
И вот уже на грани смерти, преисполненный глубокого отчаяния, он прекратил свои судорожные попытки бороться и замер в ожидании неминуемого конца. Лишь слабая надежда на чудо все еще удерживала его на земной поверхности.
Обреченно балансируя на границе жизни и смерти, он вдруг почувствовал сокровенное дуновение Истины и обратился к ветру с искренней просьбой о помощи.
Неожиданно ручей ощутил необыкновенный прилив внутренней силы и стал стремительно подниматься вверх, превращаясь с каждым метром в удивительное облако. В начале, он с трепетом замирал, думая, что его могут уронить, но постепенно проникся безграничным доверием к ветру, и тогда его взору открылась картина, которую он никогда даже не мог представить себе.
Страшная, беспросветная, иссушающая все жизненные соки пустыня, оказалась всего лишь маленьким, малозначительным желтым пятном.
Все вокруг играло красками и давало невыразимое чувство новой реальности: и вид Земли сверху, открывающий новые невероятные возможности и желания; и невесомые загадочные облака, плывущие рядом; и само бесконечно бескрайнее небо.
Когда на горизонте показались очертания желанной реки, а чуть дальше и вечного моря, ручей преисполнился знанием великой тайны мироздания и своего истинного предназначения. Уже в следующий миг, летя к своей вожделенной цели, он обратился со слезами искренней благодарности к пустыне за ее мудрые назидания, научившие его верить в чудо и доверять учителю.