- Информация о материале
- Ақжігіт ӘЛІБЕКҰЛЫ
- 2704
Түркі әдебиетінің тарихы туралы сөз болғанда көптеген ғалымдарымыз әдеби жәдігерлерімізді Орхон, Енисей және Талас өзендері бойында тасқа қашалып жазылған ескерткіштерден бастап, ХV ғасырда елінің тыныштығы үшін жер шолып, жердің ұйығын іздеген Асан Қайғы мен «мұсылман мен кәуірдің арасын өтіп, бұзып дінді ашқан» Сүйінішұлы Қазтуған жырауға әкеліп тірейді. Одан бергі әдебиетті түркі халықтары ара-жігін ашып, өздерінің ұлттық әдебиеті деп есептейді.
Шындығында түрік әдебиеті одан бұрын және кейін болмаған ба?
Түрік фольклоры мен әдебиетінің түп-төркіні мен қайнар көзі сақ дәуіріне барып тіреледі. Сақ заманындағы ерлік істер мен жеке тұлғаға қатысты елеулі оқиғалар халық қиялымен дамып, түрленіп күні бүгінге дейін келіп жетті.
Бұл жөнінде академик Әлкей Марғұлан: «Қазақ халқына көп ғасырдан бері мұра болып келе жатқан ғажайып аңыздарды, мазмұны ертегіге айналған терең мифтерді, жан күйін көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын, фәлсафалық қария сөздерін тереңнен алып қарасақ, онда бүкіл дүние мәдениетіне қосылатын бір үлкен сәулетті сыр бар екені көрінеді. Бұл жойқын шығармалардың ту баста келіп шығуының өзі бір – жарқын дүние. Оны ең алғаш келістіре шығарған елдер ерлік дәуірін басынан кешірген, қазақтың байтақ сахарасын қоныстаған сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, олардың соңын ала қарыштаған ұрпақтары – оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар (қазылықтар), наймандар, керейлер, пешенелер, хазарлар» [1. 5-б.], – деп пікір білдірген еді. Сондай-ақ, әдебиеттанушы-ғалым Әуелбек Қоңыратбаев та қазақ фольклорының генезисі мен әдебиет тарихын сақ-массагет дәуірінен бастау керектігін алға тартты [2].
Көне түрік жазуын зерттеушілер оның шығу тегі туралы түрлі пікірлер айтып, өз жорамалдарына саналуан дәйектер келтіреді. Түрік бітіктің шығу тарихы мен қалыптасып, дамуы жөніндегі ұстанымдары бойынша ғалымдар негізгі үш топқа бөлінген:
1. Арамей жазуының дамытылған түрі (В.Томсен, О.Доннер, П.М.Мелиоранский, Д.Н.Соколов, А.Аманжолов);
2. Соғды жазуынан шыққан (Г.Клосон, В.А.Лившиц, т.б.);
3. Төл тума жазу (Н.А.Аристов, А.Махмудов, А.Эмре, Қ.Сартқожаұлы, Н.Базылхан, О.Бекжан).
Бұдан бөлек, кейбір әуесқой түркітанушылар түрік бітікті Тәңірдің берген сыйы, қытай, шумер, грек әліпбилерінен ауысып, өңделген деген тұжырымдарды да ұсынады.
Арамей және соғды жазуларының түрік ойма жазуына еш қатысы жоқтығын, тек кейбір пішіндердің бір-біріне сәйкес келетінін анықтаған ғалымдар түрік бітігі малдың ен-таңбаларынан немесе көшпелілердің өздері жасаған пиктографиялық-идеографиялық белгілерден шыққан деп есептейді [3. 141-147-б; 4. 67-82-б.].
Көптеген түріктанушы ғалымдар түркі жазуы мен әдебиеті V-VI ғасырларда пайда болды деп есептесе де архиологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық нақты айғақтар бұл пікірді жоққа шығарып отыр.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап отандық ғалымдар түркі тілі мен оның жазуын тереңірек және ұлттық тұрғыда зерттеуге күш салып келеді. Отандық түріктанушы ғалым Н.Базылхан түрік бітіктің қалыптасуы мен даму сатысын төрт ірі кезеңге бөледі [5].
І. Ежелгі далалық көшпелілер. Алтайлық тектіл дәуірі. 1 млн. жыл бұрын (бабатүрік, бабамаңғол, бабатұңғыс-манжұр заманы).
Түріктанушы бұл кезеңнің зерттеу нысаны ретінде палеолит кезеңінен бастап б.з.д. ІІІ мыңжылдықтағы палеографиканы (пиктограмма, идеограмма, петроглиф) атайды. Орталық Азия аумағындағы ежелгі көшпелілердің арғы аталарынан қалған пикто-, идео-, петро-, иеорглифтерге назар аудара отырып оларды сол кезеңнің «дөрекі жазуларына» жатқызады.
ІІ. Прототүріктік дәуір (идеограмма-таңбалық). Б.з.д. ІІ мыңжылдықтан − б.з. І-ІV ғасырлар.
Ғалым археологиялық және жазба деректерді негізге ала отырып, бұл кезеңде түрік бітіктің ілкі идеограмма-таңбалық келбеті айқындала бастағанына, Хұн дәуірінде таңба-әріптердің фонетикалық сұлбасы беки түскеніне назар аударады.
ІІІ. Көне түрік дәуірі. Б.з. V-ІХ ғасырлар.
Аталмыш кезеңде түрік бітігі толықтай қалыптасып біткен. Көк түріктің туы астына біріккен ру-тайпалар ортақ жазуды қолданған. Бітік түрік тілінің фонетикалық, фонологиялық, морфемалық, лексикалық, синтаксистік талаптарын толық таңбалай алған. Н.Базылханның пікірінше бұл «фономорфемдік әліпби».
ІV. Соғды-ұйғыр және маңғол-манжұр жазуының трансформациясы.
ІХ ғасырдың ортасынан бастап-ақ далалық көшпелілердің жазуы шетел әліпбиі негізінде (соғды, манихей, брахми, араб, армян) таңбалана бастады. Түрік жеріне дін жая келген уағызшылар өз жазуларын қоса ала келді. Мани, брахми дінін таратуда соғды жазуы үлкен рөл атқарса, мұсылманшылыққа бет бұрған түрік халықтары араб графикасын қолданды. Христиандар армян жазуы арқылы қыпшақ даласына өз үгіт-насихаттарын жүргізді.
Біз түрік жазуының дәуірлеу сатысына ХХ ғасырда саяси күшпен енгізілген латын және кирилл әліпбилерін де қосу керек деп есептейміз.
Түрік жазуы, тілі сөз болған жерде түрік әдебиеті туралы да әңгіме қозғалатыны даусыз. Тіл, жазу, әдебиет – тұтас бір ұғым. Тіл жоқ жерде жазу мен әдебиет болуы мүмкін емес. Әдебиет – тілді дамытады. Жазу − тіл мен әдебиетті сақтаушы, ғасырдан ғасырға жеткізуші. Демек, бұл үшеуін бөліп-жармай тұтас күйінде қарастыру түріктанушы ғалымдарға аса қажет.
Жоғарыда көрсетілгендей, түрік жазуының алғашқы нұсқаларын 1 млн. жыл бұрын таңбаланған пиктограмма, идеограмма, петроглифтерден іздеу керек болса, әдебиеттің де түп-төркінін сол заманнан қарастыру лазым. Бұл жөнінде фольклортанушы ғалым Едіге Тұрсынов кеңестік жүйе кезінде-ақ: «Түптүркі, түпмаңғол, түптунгустардың этник бірлестіктері аяғы салбырап, аспаннан түскен жоқ: олардың тамырларын одан арғы дәуірде, палеолитте (көне тас дәуірі) өмір сүрген тайпалардың ішінен іздеу керек. Ілкі замандардан бастап, бүгінгі қазаққа дейін созылған мыңдаған жылдардың желісінен тас дәуірінен бері қарай жалғасып келе жатқан ұзақ дәстүрдің іздерін байқауға болады. Бұл дәстүрдің бойынан қазақ фольклоры өкілдерінің ең көне типтерінің шығу тарихын іздеу керек» [6. 7-б.], – деп тұжырымдады.
Палеолит кезеңінде-ақ адамдар табиғаттың тылсым күшіне қатысты түрлі мифтер шығарып, өздерінің араларындағы «ерекше жаратылған адамдарға» қатысты аңыз-әңгімелер таратты. Жақсы-жаман ырымдарға сеніп, құдайға табынды және соған сай діни әңгімелер пайда болды. Бабатүрік, бабамаңғол дәуірінде туындаған алғашқы жазба әдеби нұсқалар толық күйінде бізге жетпесе де, олардың наным-сенімге қатысты тас бетіне түсірген бейнелерінен біраз нәрсені аңғаруға болады. Мұндай алғашқы дөрекі жазулар Орталық Азияның пиктограмма, петроглиф үлгілерінен әртүрлі аймағынан көптеп табылған. Мәселен, Алматы облысындағы «Таңбалытас», Қырғызстандағы Куру-Бакайыр өзенінің сол жақ жағалауындағы жартастарға түсірілген таңбалар сөзімізге дәлел бола алады. Егер Геродоттың сөзіне сенсек, арғы сақтардың тұсында «заттық жазулар» болған. Бір мағынаны білдіретін мұндай идеограммалық жазулар ел мен ел арасында ақпарат алмасуға септігін тигізген.
Сақ дәуірінде таңбалардың мағынасы барлық аймақтағы адамдарға түсінікті болған. Олар идеограммалар мен алғашқы әріптік таңбаларды күнделікті қолданбағанымен қолөнер мен бейнелеу өнерінде пайдаланып отырған.
Алғашқы әдеби сөз тіркестерін, өлең түрлерін, діни аңыз-жырларын, теңеулер мен бейнелеулерін, дұғалары мен насихаттарын таяқшаларға, былғарыларға, сүйектерге, қыштар мен тастарға жазып отырған.
Осындай жазулардың бірі Есік қорғанынан табылған күміс тостағанға түсірілген. Аталмыш тостаған туралы белгілі түріктанушы ғалым Алтай Аманжолов: «Как позволяет судить предложенная расшифровка, надпись на серебрянной чашечке относится к довольно ранней разновидности тюркской руники, тесно связанной с алфавитными письменностями Среднеземноморья середины І тысячалетия до н.э. Данная надпись сделана на древнетюркском языке, на котором, по видемому говорили ранние кочевники Семиречья» [7. стр. 293], − деп түрік бітігінің біздің дәуірімізге дейінгі мың жыл бұрын болғанын дәлелдейді. Десе де, А.Аманжолов, А.Махмудов, В.А.Лившиц, И.М.Дьякова сынды ғалымдар күміс ыдыстағы жазуды толығымен оқи алмады. Түріктанушылар бұл жазуда этрустық, арамей, финикия таңбаларына ұқсас белгілер барлығына сүйене отырып мұраны сақ заманындағы алғашқы түрік бітігіне жатқызады.
Көшпенді түріктер өздерінің ерлік істерін, нала-зарларын, наным-сенімдерін тас бетіне бәдіздеп түсіргені жөнінде «Алпамыс батыр» мен «Манас» жырларында да айтылады. Мәселен Майкөт Сандыбайұлының жеткізуі бойынша Сұлтанқұл Аққожаев жырлаған «Алпамыс батырда»:
Аяғының астында,
Тақтай тастың бетінде,
Жазылған таста хат жатыр.
Хатқа бала қараса,
Іші толған тамаша,
Талай-талай кеп жатыр.
Түсінбеген түсінсін
Болмаған бұрын кеп жатыр.
немесе
Алпамыс жалғыз келсе деп,
Жазған хатты көрсе деп,
Тасқа қалам басады [8. 24-б.], −
делінсе, «Манаста» Көкетай қайтыс болған соң басына тас қойып, оған тіршілігінде жасаған игі істері жазылғаны баяндалады [9. 179-180-б.]. Демек, тас көшпенді түріктердің негізгі жазу құралдарының бірінен саналған.
1960 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасының орнындағы «Ақтөбе І» деп аталатын екі қабатты қам кесектен қаланған қорғанды тазалау кезінде археолог М.Мерщиев диаметрі 5,5 см., қалыңдығы 1,5 см. қыштан жасалған, беткі жағында жазуы бар дөңгелек зат табады. Археолог тапқан олжасын түріктанушы А.Аманжоловқа тапсырып, жазудың сырын ашуды өтінеді. А.Аманжолов дөңгелек затты «тұмар» деп түсініп, бетіндегі белгісіз жазуды оқу барысында қателік жібереді. Көне ескерткішті «Тігіт ас, Тығ алп ас(а)» [7. стр. 158, 239], − деп түпкі мағынасынан алшақтайды.
Осы мұраны мұқият зерттеген түріктанушы Орынбай Бекжан ескерткіштің ешқандай тұмар еместігін, жазудың мазмұны мен зат бетіндегі құмыра бейнесіне зер сала отырып, дөңгелек қыш зат құмыраның қақпағы екенін дәлелдейді. О.Бекжан әрбір таңба мен әріпке ғылыми тұрғыда түсініктеме бере отырып белгісіз жазуды:
(1) аСыЗ аЛП аС
(2) ТӨБӨ аЛыПаН аШ
Аудармасы:
(1) Асыл, алып ас (өзен)
(2) Төбесін (құмыраның қақпағын) алып аш / [9. 88-б.], −
деп аударады. Жазу қос тармақты, ұйқасқа құрылған. Алғашқы тармақтағы ұйқас «аЛП аС» жазуы «алып өзен, үлкен өзен, таза су» мағыналарын білдірсе, екінші жолдағы «аЛыПаН аШ» сөзі «көтеріп аш, алып аш» деген түсінік береді.
Бұл қатар жазылған жазу белгілі бір өлеңнен, шығармадан алынған үзінді болуы да мүмкін. Себебі, көне түрік қолөнершілері өздері жасаған бұйымдарға сол кездегі халық арасына танымал өлең-жырлардан бірер сөз алып, жазып отырған.
Оның дәлелі – Сарайшық қаласының орнына қазба жұмысы жүргізілгенде табылған қыш құмыра. Ол құмырада «Кіші көркі юз, ол бу юз көркі көз, Бу ауз көркі тил, бу тил көркі сөз» деп жазылған. Демек, Шардарадан табылған қос тармақты жазу да түрік жазба әдебиетінің тереңде жатқанын және өлең құрылысының ерте кездегі жасалу жолынан аз да болса хабар береді деп есептейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар: Ғылыми-зерттеу мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 бет.
2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түкология. Алматы: Ғылым, 1987. – 368 бет.
3. Махмудов А. Как возник древнетюркский алфавит // Исследования по тюркологии. Алма-Ата, 1969. – 295 стр.
4. Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік руни жазуының шығу тегі // Көне түркі жазба ескерткіштері: жазу мәдениетінің бастаулары, тілдің даму құбылыстары. Алматы: «Информ-А», 2005. – 256 бет.
5. Базылхан Н. Түрік бітіктану саласының теориялық мәселелері: тарихи-мәдени аспектілері // Көне түркі жазуларының зерттелуі: бүгіні мен болашағы. − Астана: «Ер-Дәулет», 2004. – 232 бет.
6. Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері, − Алматы, «Ғылым», 1976. – 200 бет.
7. Аманжолов А. История и теория древнетюркского письма. Алматы, «Мектеп», 2003. – 366 стр.
8. Алпамыс батыр / Редакциясын басқарғандар: М.О.Әуезов, Н.С.Смирнова. − Алматы, ҚазССР ҒА баспасы, 1961. – 566 бет.
9. Манас (Елдік пен ерлік эпосы) / қырғыз тілінен ауд. М.Шаханов, Р.Отарбаев. − Алматы, Жазушы, 1995. – 264 бет.
10. Бекжан О. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі белгісіз сегізінші бірігіңкі дауыссыздардың мағынасы мен таңбасы // Көне түркі жазба ескерткіштері: жазу мәдениетінің бастаулары, тілдің даму құбылыстары. − Алматы: «Информ-А», 2005. – 256 бет.
- Информация о материале
- Ануар КАЛИЕВ
- 2426
Назначение бывшего премьер-министра шефом главной спецслужбы страны повергло многих экспертов в прострацию. Кроме общих слов о том, что это важный пост в системе государственного управления, свидетельствующий о сохранении к нему доверия Главы государства, они ничего внятного сказать не смогли.
Логика нашумевшего назначения
Вместе с тем, сегодня уже очевидно, что это кадровое перемещение имеет хорошо аргументированный фундамент, и не было спонтанным решением Президента, принятым под воздействием каких-либо сиюминутных факторов.
В пользу этого свидетельствует активная PR -кампания Масимова, запущенная им в середине июня текущего года в своем 100-тысячном twitter -аккаунте.

Понятно, что старт информационной активности премьер-министра был санкционирован Президентом, который уже тогда определился с дальнейшим развитием карьерной судьбы своего «помощника» и дал ему возможность подвести итоги деятельности и закрепить свой образ в общественном мнении страны в позитивных тонах.
Зная о том, что осенью ему предстоит сменить дислокацию и занять должность, в которой публичная деятельность не особо приветствуется, Карим Кажимканович использовал предоставленное время в очень интенсивном режиме, чем вызвал искреннее недоумение у многих профессионалов медийной сферы.
Ключевым триггером, повлиявшим на запуск сценария кадрового обновления в стране, стали трагические события, произошедшие 5 июня в Актобе. Кровавый «алматинский триллер» 18 июля только закрепил сюжетную линию нового назначения Масимова. Однако первые эскизные наброски этого кадрового решения были сделаны Главой государства несколько ранее – после череды «земельных митингов» в конце апреля текущего года.
Окончательная дата воплощения в реальность данного замысла была скорректирована неожиданным известием о смерти Ислама Каримова, резко актуализировавшим тему транзита власти, в котором ключевую роль традиционно играют органы нацбезопасности.
Таким образом, перемещение Масимова 8 сентября в кресло председателя КНБ было обусловлено тремя трендами:
- рост протестных настроений в обществе на фоне ухудшения экономической ситуации и социального положения населения;
- усиление угрозы терроризма и экстремистских действий, связанных с глобальной геополитической нестабильностью в мире;
- актуализация вопроса транзита власти, с возможным нарастанием внутриэлитных противоречий и желанием внешних игроков повлиять на данный процесс.
Предельно непростая миссия
Весь этот комплекс критически сложных проблем требует качественно нового уровня управления системой национальной безопасности. В условиях реальных, а не декларируемых вызовов, важно сохранить дееспособность государственных институтов, политическую устойчивость и поступательное экономическое развитие.
Глава государства, понимая резко возросшую значимость национальной безопасности в сохранении и дальнейшем повышении конкурентоспособности страны, сделал ставку на интеллектуальный подход, сочетающий в себе как традиционно жесткие, так и инновационные soft-технологии.
Сегодня безопасность становится решающим фактором в глобальном продвижении Казахстана, от которого зависит не только территориальная целостность и национальное единство, но и финансово-экономические перспективы страны.
В этих условиях на КНБ возлагаются особые надежды – необходима «умная» реализация стратегических целей в сфере безопасности без заметного ущемления прав граждан и видимого ухудшения общественно-политического и делового климата в стране.
Соответственно в этот период во главе данной структуры должен находиться человек, обладающий объемным мышлением и масштабным видением ситуации, который способен принимать взвешенные системно просчитанные решения.
От нового главы нацбезопасности потребуется филигранно точная работа для эффективного купирования социального протеста и нейтрализации экстремистских и террористических проявлений в казахстанском обществе. В новых реалиях ставка на стратегию всеобщего ужесточения и тотальных «драконовских» мер контрпродуктивна.
Деятельность спецслужбы не должна бросаться в глаза, важно следовать принципу "smart and simple", который подразумевает не создание дополнительных сложностей в жизни простых граждан в виде введения новых запретов и ограничений, а интеллектуальную работу без громких демонстративных акций.
Вместе с тем, помимо кругозора и знаний новая кандидатура должна была обладать необходимым политическим весом для превентивной дезактивации борьбы элитных группировок внутри страны и жесткого блокирования попыток внешнего вмешательства.
В целом, на первый план выходит аналитика и вдумчивая работа с информацией. Особого внимания потребуют Интернет и социальные сети. Сегодня все больший объем в деятельности спецслужб занимает цифровые методы выявления рисков и устранения уязвимых мест в системе национальной безопасности.
Все эти новые требования времени предельно сложно реализовать на практике. Сможет ли справиться вновь назначенный председатель КНБ с этой непростой миссией и оправдать доверие Главы государства покажет время.
Гармоничное сочетание hard и soft
В современных условиях, исключительное использование hard -технологий и одномерных решений для обеспечения национальной безопасности может привести к потере темпов развития Казахстана и превращению его во «второй Узбекистан», в котором на «алтарь стабильности» была принесена рыночная экономика, инвестиционная привлекательность и международный авторитет страны.
Вместе с тем, Президент при проведении последних кадровых и структурных изменений в Правительстве принял решение отказаться от некоторых либеральных принципов государственного управления, которым Казахстан следовал на протяжении достаточно долгого времени.
В частности, временно прекращена популярная в западных странах практика назначения гражданских министров в оборонное ведомство страны, которое теперь полностью деполитизировано и должно сконцентрироваться исключительно на повышении обороноспособности государства. В целях усиления военно-промышленного комплекса будет также рассмотрена возможность создания еще одного специализированного ведомства.
Кроме этого, наблюдается определенная корректировка европейского подхода в регулировании религиозной сферы и гражданского общества, с созданием профильного министерства наметился явный тренд на усиление роли государства в этом вопросе. Формула «государство не вмешивается в деятельность религиозных и общественных объединений» в новых реалиях становиться все более эфемерной.
Тем не менее, главный акцент недавних кадровых и структурных реорганизаций связан с фигурой бывшего премьер-министра, который должен обеспечить разумный баланс между необходимостью жестких мер и сохранением либеральной рыночной модели развития страны.
В условиях усиливающегося геополитического противостояния и ужесточения глобальной конкуренции в мире только система smart security способна сохранить позитивную динамику роста Казахстана и его вхождение в 30-ку лучших государств планеты.
- Информация о материале
- Төрәлi ҚЫДЫР
- 2051
ХIХ ғасыр ақындарының көпшілігі көңіл көздерiн имани нұрмен нұрландырған, шығыстың шайырлық шеберлiгiн толық меңгерген шайырлар болатын. Алғашқы сауаттарын жергiлiктi молдалардан ашқан олар Қазан, Уфа, Бұхара сияқты шахарлардағы бiлiм ордаларында жалғастыратын еді әрі сонда шығыстың «бәлағәт уә сәнағәтімен», яғни сөз өнерімен жақыннан танысатын. Сондықтан да, дiни медреселерде тәлiм алған ақындар өз шығармаларында араб, парсы өлең құрылыстарын кеңiнен қолданып отырған. Құранның құпия iлiмдерiн әдебиетке алып келген.
Қазақтың бас ақыны Абай алғашқы өлеңдерiн шығыс ақындарына елiктеп шағатай тiлiнде жазғаны белгiлi. Сондай өлеңдерiнiң бiрiнде ақын:
Әлифдек ай йузiңе ғибрат еттiм,
Би, бәләи дәртiңа нисбат еттiм.
Ти, тiлiмнен шығарып түрлi әбиат,
Си, сәнаи мәдхия хүрмет еттiм, –
деп араб әрiптерiн тiзбектеп бiр сұлудың сымбат тұлғасын беруге тырысқан. Ақын өлеңде арабтың жиырма тоғыз әрiпiмен ғана шектелместен, сонымен бiрге «Мәт – қасың, тәштит – кiрпiк, сукун – көзiң», – деп сұлу қыздың жүзiн суреттеуде араб харакаттарын да сәттi пайдаланған. Мұнда ақынның дөңгеленген сукундi көзге, иiлген мәттi қасқа, тәштиттi кiрпiкке теңегенiн ерекше айта кеткен жөн. Бұл Абайдың ақындық шеберлiгiнiң көрiнiсi.
Ақын дүниесiн жан-жақты зерттеген М.Әуезов Абайдың бұл өлең жолдарды жазарда Әлiшер Науаиға елiктегенiн алға тартады.
Расында, парсы поэзиясына жетiк түркi шайыры өз шығармаларында мұндай шеберлiктi көп қолданған. Шайыр «Ләйлi-Мәжнүн» шығармасында:
Етгәч «алиф» қәдін қылыб «дал»,
Мажнунні аяғын өпті филхал (сол мезетте), –
деп тiк тұрған Ләйлiнi «әлиф» әрпiмен берген де, оның иiлгенiн арабтың доғал тәрiздi жазылатын «дал» мен суреттеген. Сондай-ақ шайыр Мәжнүннiң шынайы сезiмiн суреттеуде және де араб әрiптерiне жүгiнген:
Бойнұм уза, «айн» ін әйләгіл тәуқ (алқа),
«Шин» ін қыл ічімгә шупаи шәуқ (сезiм).
«Қаф» ын маңа әйлә кухи әндух (қайғы),
Куңлумгә ғәміні кух та кух.
Уч нуқтасіні шәрара әйлә,
Иккісіні иккі харә әйлә.
Мұнда тырнақша iшiне алынып берiлген «а», «ш», «қ» әрiптерiн қосып оқығанда арабша «ғашық» сөзi келiп шығады. Ал төменде аталатын үш нүкте «ш» әрпiнiң үстiне қойылатын болса, екi нүкте арабтың «қ» әрпiнiң үстiне қойылады. Ғашықтық тақырыбына барған шығыс ақындарының басым бөлiгi осы тәсiлдi көп қолданған.
Мысалы, ғашықтықтың жолында мас болған Мәуләуи өзiнiң «Мәснәуиiнде» «айн о шин о қоф мәдон, Бәлки сирри әст дәр се хәрфе нәһон» (Ғашықтықты айн, шин, қаф деп бiлме, Қайта (ғашықтық) осы үш әрiптiң астарына жасырынған) деп, «а», «ш» және «қ» әрiптерiн ойнатып берген. Сопылық дүниетанымда ғашық пен машұқ әлемiнiң жұмбақ болатыны сондай, оны жай ғана баяндап шығу мүмкiн емес.
Шығармада әрiптердi ойнату тәсiлiн Софы Аллайардың «Сәбәтул әжизин» деген еңбегiнен де кездестiруге болады:
...Әлiптей жан iшiнде орын аларсың
Егер қисық болса пейiлдерiң,
Қаларсың мүмкiн қаф астында нундай, –
деп үш әрiптi ойнатып берген. Осындай тәсiлдi шығыс әдебиетiне жетiк Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы да шебер пайдаланғанын көремiз.
Жапырақтың бiреуi – «кәф», бiреуi – «нон»,
Көңiлдi Хаққа қойып, айталық шын.
Сол екi жапырақ болды ерлi-байлы,
Болғанда бiрi – пышақ, бiреуi – қын.
Орнатып «кәф» жапырағын «нон»-ға қойды,
Мас болып бiр ноқатпен қарны тойды, –
десе, тағы бiр жерiнде:
Кетпен шот қолға ұстайтын «кәф» емес пе,
Осы сөз анық емей, сол көмес пе?!
Бiр салып қалған жерден топырақ алса,
Шұңқыр боп қалған жерi «нон» демес пе?!, –
деп толғайды. Ақын мұнда «Кәф» әрпiн бiресе пышаққа теңесе, бiресе кетпен шотқа теңеген. Бұл әрiптiң арабша жазылуы да расында, сабы бар кетпенге ұқсайды. «Мас болып бiр ноқатпен қарны тойды» деп «нон» әрпiнiң үстiндегi бiр нүктенi суреттеген. Осы өлеңнiң соңында ақын «Кәфтi нонға қосалық – күн» – дейдi ғой» деп Құрандағы «Йасин» сүресiнiң 82-шi аятында баяндалатын Алланың он сегiз мың әлемдi жаратарда «Кун» яғни «Бол» деп бiр ғана сөзiмен болмыстың пайда болғанын алға тартқан. Ақынның осы өлең жолдарымен мәндес жердi парсы шайыры Фердаусидiң «Шахнамасынан» да кездестiремiз. Онда шайыр:
Ду гейти пәдид омад әз «коф» вә «нун»,
Черо нә бе фәрмон-е дәр нә чун, –
деп, екi әлемнiң «кәф» және «нуннан» жаратылғанын алға тартқан. Осы арада Фердауси мен Мәшһүр ақынның бiр арнадан сусындағанын анық аңғаруға болады. Ол Ислам дiнiнiң қайнар көзi –Құран. Қасиеттi кiтаптың iшiнде адамзат баласы үшiн жұмбақ бiрнеше аят бар. Аят дейтiн сөз немесе сөйлем де емес, жәй ғана араб әрiптерi тiзбектелiп берiлген. Мысалы «Бақара» сүресi «Әлиф Ләм Мим» деп басталған. Бұдан басқа «Әлиф Ләм Ро», «Әлиф Ләм Мим Сад», «Кәф Хә Ия Айн Сад», «То Хә», «То Син», «То Син Мим», «Ия Син», «Әлиф Ләм Мим Ро», «Хә Мим», «Нун» сияқты аяттар да бар. Сондай ақ, «Сад», «Қаф» сияқты сүрелер арабтың «С», «Қ» әрiптерiмен аталып, алғашқы аяты да осылай баcталған. Жалпы, жиырма тоғыз әрiптер жиынтығынан тұратын арабтың он төрт әрпi жиырма сегiз сүренiң бiрiншi аятын құраған.
Бұл сүрелердiң «Бақара» мен «Әл Ғимраннан» басқасы Меккеде түскен аяттардан саналады. Бұларды ғалымдар «муқаттаға әрiптерi» деп атаған. Астарлап берiлген бұл әрiптердiң мағынасын муфассирлер (Құранның тұспалдап, астарлап берiлген тұстарына мағына берушiлер) шешуге тырысқанымен де, көбiсi бұл аяттардың мағынасын Алла ғана бiледi деген қорытындыға келген. Бiрақ кейбiр ғұламалар бұл қасиеттi әрiптердi Әбжәд iлiмi арқылы шешуге де тырысқан.
Себебi қасиеттi аяттардың кейбiрiнiң құпиясы Әбжәд iлiмiмен шешiлетiнi белгiлi. Осы жағына қатты назар аударған олар бұл әрiптердi әбжәд сандарымен ойнату арқылы мынадай мағына да шығарған.
Исламның шиға ағымындағылар осы әрiптер жиынтығын құрастырып, «Сиратун Әли хақ нәмсәкуһ», яғни «Әлидiң жолы тура, оны бiз ұстанамыз» деп талдау жасаса, сүннит ағымындағы кейбiр ғалымдар «Сахха тариқука мағас суннат», яғни «Сенiң жолың әһлi сүннетпен дұрыс» деген қорытынды шығарған. Бiрақ, олардың бұл жасаған қорытындылары көпшiлiк ғалымдар тарапынан мойындалмаған. Сондықтан да ғылымда бұл әрiптер жұмбақ қалпында қалып отыр. Әлемнiң барша тiлдерiне аударылған Құран аудармаларында бұл аяттардың мағынасын Алла бiледi деп, тек әрiптердiң өзi ғана берiлетiн болған. Осындай араб әрiптерiнiң әдебиетте ойнатылып берiлуiн өзбек ғалымы Т.Ахмедова «китобат санғати» яғни «кiтапшылық өнерi» деп атапты.
Әбжәд демекшi, бұл iлiм мұсылман мәдениетiнiң дамуына көп септiгiн тигізген. Мысал ретiнде, өзiмiз күнде көрiп, онша назар аудара бермейтiн мешiт пен бейiттерге қойылатын ай символын алуға болады. Жаңа туған ай ислам дiнiнде ерекше қасиетке ие болғанымен де, оның астарында белгiлi бiр дәрежеде Әбжәд iлiмi жатыр. Арабтар жаңа туған айды «һилал» деп атайды. Осы айдың арабша атауы мен «Аллаһ» деген сөздердiң Әбжәдтағы сандары бiр болғандықтан (сандар жиынтығы алпыс алты), мешiттiң күмбездерiне Алла деп жазудың орнына, ай белгiсiн қоятын болған екен.
Осындай iлiмдi бiлген ақындар өз шығармаларында тек араб әрiптерiн ойнатумен ғана шектелместен, сонымен бiрге әрiптердiң астарына жасырынған сандарды да түрлендiрiп берген.
Әсiресе, бұл тәсiлдi Бұхара медресесiнiң шәкiрттерi көп қолданған. Солардың бiрi Шәдi төре шығармаларының бәрiнде де өз атын сандармен жасырып берген. Мысалы, «Ахуал қиямет» атты шығармасының соңында ақын өз атын:
Бiлмекке өзiмнiң һәм ат нышанын,
Әбжәдтiң есебiмен айтай оны.
Үш жүзге бiр мен төрттi дахыл етiп,
Оқығың ақырына қойып «йайды», –
десе, «Барсиса» қиссасында:
Үш жүз бiр мен төртке оны қосып,
Әбжәдтiң есебiне назар салың, –
деп жасырып берген. Мұндағы үш жүз саны әбжәдта «ш», бiр «ә» әрiпiн берсе, төрт санының астарына «д» әрiпi жасырынған. Бұлардың қосындысынан Шәдi деген ақынның аты шығады.
Бұл iлiмдi Шәдiден басқа, Бұхара медресесiнiң басқа да шайырлары сәттi пайдаланып отырған. Керейiт Даңмұрын мен Қаңлы Жүсiптiң арасындағы жазба айтыста осы iлiм қолданылған.
Даңмұрын қарсыласы Қаңлы Жүсiптiң бiлiмi мен тапқырлығын сынау үшiн мына жолдарды жазады:
«Үш басты, – деп айтады, – бiр хайуанат,
Әз екен алты аяқты ауыр дене.
Тәнi – алпыс, екi жағында алты қанат.
Бiтiмi – екi тарақ құйрық екен,
Бiрi мақлұқ қасиеттi зор хабардат.
Күнiне «таспих-тәһлил» айтады екен,
Арттырып әруағын көп мiнажат.
Даңмұрын сөз иесi мұны жазған,
«Iнi едi мархаматты, – деп, – азамат!».
Хатты қолға алысымен Қаңлы Жүсiп:
Сол мақлұқ содан берi бiздiң қолда,
Еткенсiн ием лайық қызметiн.
«Сұрайтын сұраушыдан бiлем» десе,
Әбжәдтан есеп қылсын Жүсiп атын, –
деп жауабын дұрыс шешедi. Мұндағы үш басты дегенi «ж», тәнi – алпыс дегенi «с», бiтiмi – екi дегенi «б» әрiпiн бередi де, шешуi «Жүсiп» болып шығады. Сыр бойында Қаңлы Жүсiтен басқа Кетеден шыққан Жүсiп те өмiр сүргенi белгiлi. Бiрақ Кете Жүсiп Әбжәдтағы есiмiн «Юсуф» деп жазған екен:
Басы – он, ортасы – алпыс, соңы – сексен,
Бұл нұсқау хабар берер бiздiң аттан.
«Е» мен «шын», «нұн» менен «иә», «әлiп» пен «зе»,
Аңдатар әкем есiмiн ақиқаттан.
Осы өлең жолдардағы он, алпыс, сексен сандарынан «Юсуф» деген жазу шығады да, әкесiнiң есiмi Ешнияз екенiн аңғаруға болады. Әбжәд дегенiмiз тек әрiптердi сандармен ғана жасыру емес, сонымен бiрге әрiптермен сандарды да ойнату. Онда автор өз еңбегенiң қай жылы жазылғанын белгiлi бiр себептерге байланысты жасырып, астарлап бередi. Мысалы ХVI ғасырда өмiр сүрген Селим Сүлеймен «Жүсiп-Зылиха» поэмасының қай жылы жазылғанын шығарма iшiнде жасырып берген:
Луро бихикояти шәниия,
«Тарих зесми хақ ғания».
Мен кiтапты жазып бiтiрдiм,
Жазылу тарихында «Құдайдың есiмi де жеткiлiктi».
(жолма-жол аударма,.Т.Қ.).
Соңғы жолда көрсетiлген «тарих» сөзiнiң сандар жиынтығы: 400+1+200+10+600=1211 санын берсе, «зесми хақтың» сандар жиынтығы: 7+1+60+40+8+100=216 болады. Ендi шыққан екi нәтиженi бiр-бiрiнен алсақ 995 шығады. Әбжәдта хижри жыл санағы бойынша 995, бiздiң жыл санағымызда – 1586 жыл. Яғни, шығарма осы жылы жазылып бiткен.
Тура осындай шеберлiктi Самарқанд қаласында медреселер салдырған Жалаңтөс батыр да қолданғанын Х.Досмұхамедұлы жазып кеткен.
Батыр салдырған Шырдар медресесiнiң iшкi дуалына:
Ялаңтош баһадур чу бовад баниш омад,
Хесоб-е мол-бинояш «Ялаңтош баһадур».
Бұны салдырған Жалаңтөс батыр келдi,
Салыну тарихы – «Жалаңтөс баһадыр», –
деп жазылған. Осы «Жалаңтөс баһадыр» деген сөздiң астарында медресенiң қай жылы салынғаны жасырылған. Оны Әбжәд iлiмiне салар болсақ, онда: 10+30+50+20+400+6+300+2+5+1+4+200=1028/1612 шығады. Сонда бұл құрылыс 1612 жылы салынып бiткен.
Әрине, мұндай мысалдарды көптеп келтiре беруге болады. Шайырлардың өз аттарын Әбжәд iлiмiмен жасырып беруiн әдебиеттанытқыштағы бүркеншiк ат дегенге келетiн шығар. Бiрақ, ол жазушының немесе ақынның өз есiмiн тастап, өзге бiр есiмдi түгелдей иеленiп, лақап атқа айналдыратын аллоним да емес, атау сөз iшiндегi әрiп орнын алмастыру арқылы жасалатын анаграмма да емес, автор есiмiнiң әдеттегiдей бас әрiптен соңына қарай емес, соңынан басына қарай оқылатын ананим да емес. Бұл шығыс мұсылман әдебиетiнде кеңiнен қолданылатын, Әбжәд iлiмiнiң негiзiнде жасалатын муамма үлгiсi (мағынасы жұмбақ деген сөз).
Бұл атау бүгiн бiзге белгiсiз болып көрiнгенiмен де, орта ғасырда осы үлгiнiң көп қолданылғаны сол заманда дүниеге келген шығармалар айғақтайды. Тiптi, түркi халқынан шыққан Мұхаммед Бадахшидың (ХIII-ХIҮ) «Муамма жайындағы ой» деген теориялық зерттеу еңбегiн жазғаны туралы деректер бар.
Өкiнiшке орай бұл еңбек бiздiң заманымызға дейiн жетiп келмеген. Сонымен бiрге, шығыс әдебиетiнде Шарафиддин Әли Йаздидiң «Хулали мутарраз дәр фәнни муамма вә луғаз» (муамма мен луғаз жайында безендiрiлген, мейрамға арналған жiбек киiмдерi), Әбдiрахман Жәмидiң «Рисалаи муамма кәбир» (Муамма хақында үлкен шығарма) немесе «Хулят ул хулал» (Мейрам киiмдерiнiң безендiрiлуi), «Рисолаи муамма мутаввассит» (Муамма хақында орта шығарма), «Рисолаи муамма сағир» (Муамма хақында кiшi шығарма), «Рисолаи муаммои манзуми асғар» (Муамма жайында шағын өлеңдiк шығарма), Хусейн Нишапуридiң «Рисолаи муаммои Хусайини» (Хусейiннiң муамма шығармасы) атты еңбектерi мен түркi тiлiнде жазылған Әлiшер Науаидың «Муфрадат» атты еңбектерiнде де бұл әдеби мәселе ұзағынан сөз болады.
Муамма шығыс поэзиясында қытға, рубағи кейде ғазал формасымен жасалған өлең құрылыстарында кездесiп, астарында шығарманың авторы, еңбектiң жазылу тарихы сияқты мәселелер қарастырылады. Бұл үлгi прозада көбiнесе сежi үлгiсiмен жазыл шығармаларда кездеседi екен.
Муамманың қашаннан берi қолданылып келе жатқаны жайында анық мәлiмет жоқ. Бiрақ, парсы тiлiнде жазылған теориялық еңбектерге қарағанда бұл жанр ХI ғасырда дүниеге келгенге ұқсайды.
Иранның белгiлi теоретик ғалымы Доктор Сирус Шамисо өзiнiң теориялық еңбегiнде муамманы орта ғасырлық араб, парсы шайырлары көп қолданғанын, бiрақ бүгiнгi ақындардың мұндай шеберлiкке бармайтындығын алға тартқан. Десек те, мұндай шеберлiктi Иранның кейбiр ақындарының әлi де қолданатынын айта кеткен жөн. Жуықта Тегеранға барғанымда бүгiнгi Иранның белгiлi ақыны, Тегеран университетiнiң ұстазы Қайсар Әминпурмен сұхбаттас болғаным бар. Шығармаларын ғазал, мәснәуи, рубаи сияқты классикалық өлең құрылыстармен емес, қайта жаңа үлгiмен жазатын ақын ретi келгенде муамманы да қолданады екен. Мұны ескi үрдiс пен жаңа форманың ұштасуы деуге болатын сияқты.
Қоф
Охарин хәрф-е ешқ әст.
хәминжо
Есм-е кучек-е мән
Шуру ми шәвәд.
Қаф
Ғашықтың соңғы әрпi,
осы жерден
менiң тегiм
басталады.
(жолма-жол аударма,.Т.Қ.)
ХХ ғасырдың басында араб графикасын латын, кирилл әрпiне айырбастаған бiздер үшiн, бұл тәсiл мүлдем ұмытылған деуге болады. Себебi, мумманың бар құдiретi араб әрiптерiнiң астарына жасырынған Әбжәд iлiмiнде жатыр.