- Информация о материале
- Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ
- 2105
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетi тарихында жәдит, Алаш құбылыстары ағартушылық жолындағы ұлттық қозғалыс аясында көрiндi. Сонымен қабат осы кезеңде әдеби-рухани күш пен саяси қайраткерлiктiң бiртұтасқанын да байқауға болады.
Мұндай процесс әлем тарихына ортақ екенiн ұмытпағанымыз жөн. Ендеше, тұстастары мен замандастары “Абайдан кейiнгi әдебиеттiң ұйтқысы Һәм жаңа кезеңнiң басы” ретiнде таныған Ахмет Байтұрсынұлының ұлт-азаттық күрестiң жуан ортасында жүруi, ақын-лирик Мағжан Жұмабайұлының 1917 жылы Мәскеуде өткен Мұсылмандар съезiне қатынасуы /1/ және өзге де өз шағының саяси шараларынан шет қалмауы, тағы басқа нақты тарихи фактылар аталған уақыт әдебиетiн милләттiк қозғалыстан тыс қарастырудың бiржақты болатынын аңғартады. Сондай-ақ ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық концепцияларда, көзқарастарда саяси сипаттың айқын көрiнуi “олар таза әдебиеттен жырақ” деген қорытынды жасатпауы тиiс.
Қазақтағы жәдитшiлдiктiң екiншi кезеңi “Айқап” журналының дүниеге келуiмен және оның “Қазақ” сынды әлеуеттi газеттiң жарыққа шығуын тездетуiмен, сөйтiп осы екi басылымның өркен жаюымен байланысты. Бұл кезеңде жәдитшiлдiк қазақ өмiрiнде сапалық деңгейге көтерiлiп, Алаш қозғалысына ұласты. “Айқап” пен “Қазақ” азаматтық тарихымызда тұңғыш рет жаңа заманға сай ұлтты ұйыстыруды түбегейлi қолға алды. Осы тарихи миссиясы орасан екi мерзiмдi басылым мынандай нәтижеге қол жеткiздi: бiрiншi, ұлт проблемасын жалпыхалықтық сараптауға, яки талқылауға сала алды; екiншi, жақын және алыс болашақтың мақсат-мiндеттерiн анықтап, оларды кезең-кезеңмен орындауға жұмылды; үшiншi, Абай негiздеген жаңа әдеби тiлдi дамытып, өрiстеттi; төртiншi, әдебиет пен халық сұранымын, руханият пен ел мүддесiн тоқайластыра алды.
Танымдық еңбектер мен ғылыми әдебиеттерде ХХ ғасырдың 20-жылдарынан-ақ “Айқап” пен “Қазақ” арасындағы заңды пiкiрталасты “қарама-қарсылыққа” балау орын алып келдi.
Мысалы, Қ.Кемеңгерұлы “Қазақ тарихынан” атты кiтабында: “Мұсылманша оқығандардың күшiмен 1911-шi жылы “Айқап” журналы шықты. Басындағы шығарушы ыңғайымен журнал “татар, исламдық” рухымен кетiп, “Уақыт”, “Тәржiмән” газеттерiнiң ойын қолданып, “қазақ отырықшы болу керек” дегендi қуаттады. Бұған қарсы 1913 жылы “Қазақ” газетi шықты: “Жерге отырықшы болудың керегi жоқ” деп. …Бұдан былай қазақ оқығандарының арасында екi ағым ашық айырылды: 1) Әлихан тобы күнбатыс мәдениетiн жастанып, панисламизм рухынан аулақ қазақ ұлтын жасамақшы болды; 2) Бақытжан, Сейдалин Жаїанша тобы ислам дүниесiнен қол үзбей, қазақты ислам туының астына жинамақшы болды”,-деп жазды /2, 123/. Осыған ұқсас тұжырымды С.Аспандиярұлының 30-жылдары жазған “Қазақстан тарихы” еңбегiнен ұштастырамыз. Ол: “Қазақ оқығандары екi негiзгi топқа бөлiндi. “Айқапқа” топтасқан алғашқылары пантүрiкшiлдiк позициясын ұстанып, татар буржуазиясымен қосылып түрiк халқын бiрiктiргiсi келдi. Олар отырықшылдыққа және жәдит мектебiне көшудi қолдады. Екiншi топ “Қазаққа” жиналды. Татармен ассимиляцияланудан қорыққан олар қазақ тiлiн дамытты. Шұғыл отырықшылдық халық шаруасын бүлдiредi деп есептедi. Шын негiзiнде бұл топ Щербина бастаған переселен мекемесi мен Потанин, Ядринцев жетекшiлiк еткен Сiбiрдiң “областничество” қозғалысының позициясын ұстанды”,- деген едi /3, 271/.
Осы екi пайымның да субъективтi сипаты басым. Қошке “Айқапты” бiрыңғай “түрiкшiл” ретiнде көредi. Тiптi ол бұл журналда 1915 жылы жарияланған өз өлеңдерi мен аудармаларының бағытын да “ұмытқандай” сыңай танытады. Санжар пiкiрiнен ақыл-ойға қарауыл қойған 30-жылдардың ызбары байқалады. Сондықтан бұл қайраткер амалсыз “октябрьге дейiнгi интеллигенция – халық мүддесiнен алыстаған интеллигенция” деген тұжырым жасаған секiлдi. Сондай-ақ 20-жылдары таяудағы тарих туралы пiкiр бiлдiргенде, алаш зиялыларының “Қазақ” газетiн “Айқаптан” бөлiп қарауының принциптi себебi болса керек. Айталық, “Қазақпен” қазақтың әдеби тiлi қалыптасты” деушiлер (М.Әуезұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, т.б.) бұл басылымның еңбегiн айрықша атағанда, қаперлерiне “Айқапта” негiзi қаланып, “Қазақта” жан-жақты дамытылған ұлттық идеяны ұстағаны айқын. Басқаша болуы қисынға келмейдi. Бастау-тұманы басқа ұмытса да “Қазақ” ұмытпасы анық. Бұған бiрер мысал келтiрейiк. М.Дулатұлы “Айқапқа” 3 жыл, “Қазаққа” 1 жыл толғанда: “Бұл журнал қазаққа баспасөздiң ең керектi кезiнде шыққанға, жұрттың бәрi тiлектес һәм көмектес болып жылы шыраймен қарсы алып едi. …Қазаққа бiр жақсы газета, бiр жақсы журнал бiрдей керек емес пе”,-деп жазса /4/, Ахмет басқарған газетте атын көрсетпеген (бәлкiм, редакциялық мақала) бiр “Айқап” жанашыры журналдың жабылуына байланысты: “Қазақтың айналдырған жалғыз журналының бiрнеше жыл шығып тұрып, ересек болған соң тоқталып қалуына ренжiдiк”,- деген тоқтамға келiптi /5/. Әрине, мұндай жағымды сөздi тiлеулес жан, яғни тiлеуқор жан ғана айта алса керек.
Мерзiмдi басылым болған соң, оның бетiнде түрлi қиғаш пiкiрлер жарияланады. Сол себептi рухтас басылымдардағы пайымдардың әртектiлiгiне қарап оларды бiр-бiрiне жау қылып көрсету ақылға сыя қоймайды. Рас, “Айқап” пен “Қазақ” жүзiнде Әлихан мен Бақытжан, Ахмет пен Жаһанша, т.б. тұлғалар отырықшылық, соған байланысты съезд шақыру жөнiнде бiр тоқтамға келе алмай қатты айтысты. Ә.Бөкейхан мен Б.Қаратаев қазақтың мұсылманшылықта қандай бағыт ұстау керек екенi хақында Петербор мiнберлерiнде “сөзге келген” жерлерi болды. Бiрақ бұл айтыс қарама-қарсы екi бағытқа, яки ағымға негiз болған жоқ. Әлбетте, тұлғалардың кей мәселеде “сөзге келуi” алаш қауымын тiксiндiрдi. Ақын Шәкәрiм қажының:
Дұғай да дұғай сәлем айт,
“Айқап” пенен “Қазаққа”.
Кекеу, сөгiс сөзден қайт,
Кез боларсыз мазаққа,-
деуi /6, 146/ бекер емес.
“Айқап” журналы “Қазақ” газетiнiң дүниеге келуiне қуанды, оған тiлектес болды. Осы журналда жарияланған Ғ.Ғабдылрахман есiмдi ақынның “Орынборда шығатын “Қазақ” туралы” атты өлеңiнде:
Тырысып қайыр iске тату болып,
Құданың жаңылмалық жолын қосқан.
Анықтап қазақ халын “Қазақ” бiлер,
Бұл сөзге құлағың сал, көп туысқан,-
деген жолдар /7, 43/ бар. Бұл 1913 жылы “Қазақ” шыға бастаған кезде жазылған өлең. “Айқап” тiлеуқорлығы бiр бұл ғана емес, жоғарыда Шәкәрiм өлеңiне арқау болған берекесiз айтыстан кейiн “Ынтымақшыл” деген псевдониммен мақала жазған бұл журналдың қайсыбiр авторы: “Айқап” шыққаннан берi осы күнге жұрттың қамын қайғырды, сөйледi, жазды, әлi де сөйлемекшi, қазақты iлгерi бастырмақшы. Былтырдан берi “Қазақ” газетi шығып, өзiнiң алашына айбарлық қылды. Тұңғыш ұлы “Айқапты” сүйген қазақ “Қазақты” да сүйе бастады. Бұларды сүю - қазақтың баласына борыш, парыз. Бұларды сүймеген, сүйемеген ел де болмас”,-деп тұжырымдады /8, 145/.
Сонымен осынау дәйексөздерден екi басылымның жаулығынан, немесе қарама-қарсы бағыт ұстанғанынан гөрi тiлектестiгi, “жұрт қамы үшiн” қатар iзденгенi, бұл жолда пiкiр таластырғандығы байқалады. Осы орайда қайраткер-қаламгер Смағұл Садуақасұлының: “Бiздiңше, Қ.Кемеңгерұлының 1910-шы жылдардағы қазақ оқығандарының арасында болған қырғи-қабақты саяси екi ағым деп түсiндiруi, одан кейiн “Қазақ” газетiн саясат ауруын қарайтын тамыршы деп ұғындыруы - үлкен қате пiкiр. …10-ыншы жылдарда қазақта саяси екi ағым болған жоқ. …Айтыстың бәрiн саяси ағым дей берсек, жер жүзiнде адамнан “ағым” көп боп кетер”,-деген пайымы /9/ шындыққа сәйкес келедi деп есептеймiз. Сонымен бiрге С.Садуақасұлының 1925 жылы айтқан осы ойынан ғасыр басында зиялылар бiр бағытта жұмыс жасағаны аңғарылады. Ол бағыт – халықты ағарту бағыты едi. Бұл тоқтамды осы екi басылымның “Құрметтi оқушылар!” деп басталатын бiрiншi санындағы кiрiспе мақалалардағы пiкiрлер дәлелдейдi (Мұны “Айқапта” – М.Сералин, “Қазақта” – А.Байтұрсынұлы жазған). “Айқап”: “Газет һәм журнал халық үшiн екендiгiне шек айту жоқ. Халықтың қай дәрежеде алға кеткендiгi - халық арасында таралған газет-журнал һәм кiтаптардан бiлiнедi”,-десе /10/, “Қазақ”: “Әуелi, газет – халықтың алдына түсiп жол көрсетiп, жөн сiлтеп, басшылық айтып тұрады”,-деп жазады /11/. Мұнымен қоса “Айқап”: “Заман ғылым заманы болған соң әрбiр жұрт қатарынан кейiн қалмас үшiн ақша аямай кiтап-газет һәм журнал бастырып халыққа таратудың әждәһәтiнде. …Жұртқа атақ шығарып бiлiм сату үшiн емес, бәлкi дәулет иесi ағалар мұны көрген соң ойға қалмас па екен деген ниетпен”,-деп тұжырымдаса, “Қазақ”: “Газет – халыққа бiлiм таратушы. ...Газеттен жұрт естiмегенiн естiп, бiлмегенiн бiлiп, бiрте-бiрте бiлiмi молайып, зейiнi өсiп, пiкiрi ашылып, парасаты жетiкпекшi”,-деп түйiндейдi.
Сөйтiп, “Айқап” пен “Қазақтың” өмiр жүзiне шығуы алаш жұртында қалыптаса бастаған негiзгi ағартушылықтың өрiсiн кеңейттi. Бұл екi басылым әр жерде, түрлi формада айтылып жүрген елдi ағарту идеясын бiр жерде тоғыстырып, шындалуына мүмкiндiк бердi.
Осы процестi бытырап күн кешкен жұрттың бiр тудың астына жиналып, тұтас елдiкке жұмылу үрдiсiмен салыстыруға келер едi. Негiзгi ағартушылық бастапқы ағартушылықтың шөкiм-шөкiм болса да аса құнды идеясын дестелеп жинап, қал-қадерiнше жүйелей алды. Аталған ағартушылықтың негiзгi сипаты: там-тұмдап дәстүрдi қисынмен жалғай алуында, оқыған атаулыны бiр идеяға топтастыра бiлуiнде, ресми күлбүлте саясатты халыққа баспасөз арқылы түсiндiруге тырысуында, қарапайым жеке адам мүддесi мен ұлт мүддесiн тоқайластыруында көрiндi.
Тәуекел деп тұңғыш журнал ашқан М.Сералин басылымның алғашқы сандарының бiрiнде: “Қазақ баласының iс басында тұрған бас адамдарының iшiнде жұрт пайдасын қара басының пайдасынан артық көретұғын мәрт ерлер шықпайды дегенге көңiлiм нанбайды”,-деп жазған болатын /12, 4/. Осы Мұхамеджан айтқан ерлер шығып, отаршыл жүйемен газет арқылы текетiресемiн деп абақтыға жабылғанда, Ә.Бөкейхан: “Бауырым Ахмет, Мирякуб! Сен екеуiңнiң абақтың - Радищев пен Новиков абақтысы. …18-ғасырда “ақыл патшасы” атанған француз Вольтер едi. Осы Вольтер, замандасы Толстойға неше жол көрсеткен француз Руссо, тағы да осы екеуiнiң замандасы философ Дидро абақтыда жатқан. …Бiздiң Русияда абақтыға жатпаған жақсы адам кем. Жазушы Достоевский, Потанин, Короленко, Мельчин, Чернышевский, Морозов абақтыда жатқан. Бәрiн жазып болмайды. Салтыков, Герцен, Пушкин, Лермонтов, Тургеневтер айдалған. Түркияда халықты қатарға қосамын деп сарбаздар абақтыға жабылған, айдалған. Бұрынғы Мадхат-пашалар 1883 жылы айдауда жүргенде өлген, осы күнгi Ахмед Риза һәм басқалары да абақтыда жатқан. Шырақтарым, сендердi мiнегенде, осылармен бiр салып мiнесе, не армандарың бар?”-деген едi /13/. Бұдан Ахмет толқынына берiлген баға аңғарылады. Ә.Бөкейханның жоғарыдағы ойымен орайлы пiкiрдi Жұмабайұлы “Жауға түскен жанға” атты өлеңiнде:
Қиялға ескi бата бер,
Қайра өзiңдi, дәрмен не?
Уайымсыз, ойсыз жата бер,
Жұрт үшiн түстiң, арман не?-
деп жеткiзедi /14, 61/. Әлихан саяси әрiптестерiне “бiз – ағартушылармыз, Алаш тарихы осылай болуымызды тiлейдi, әлем тарихы ағартушылардың алдында бас иедi” деп отырғаны анық. Мағжан да аға толқынға осындай құрмет көрсетедi. Өзiне дейiнгi қайраткерлерге сынмен және талаппен қараған, кеңес билiгi тұсында оларды қолдап-қорғаған С.Садуақасұлы: “Бiздiң оқығандарымызды ең мақтағанда сол орыстың просветительдерiне теңеуге болады”,-деген ойы /9/ Әлихан пайымымен сабақтас. 20-жылдары берiлген Смағұлдың бұл бағасы қаншама объективтi болса да, негiзi дәл сол кезде зиялыларды қорғау мақсатында айтылған едi.
Ендi сол Алаш зиялылары қашан бiртұтас күшке бiрiктi, оған не себеп болды деген мәселеге келейiк. Кеңестiк тарихнамадан мәлiм жай: 1905 жылы қаңтарда “бiрiншi орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы” басталып, жаппай ереуiлге ұласты, бұл төңкерiс шет аймақты оятты, сөйтiп 1917 жылы “октябрь революциясына” репетиция жасалды. Бiрақ осы түсiндiрiлiмнен бiз қазақ тағдырына қатысты жайларды жiтi бағамдай алмайтын едiк. Кейiн анық болған деректерге қарағанда, бұл оқиғалар тiзбегiнiң бәрi рас, алайда мұның көбi алаштың қилы тарихына бөтен екен. Бiрiншi, Ресей империясының қазақ сынды өгей ұлты 1905 жылғы төңкерiстерге өзiндiк көзқараспен қараған. Әсiресе осы төңкерiс насырға шаппасын деп патша өкiметi жариялаған Манифестке (халық арасында “17 октябрь Манифесi” делiнген) үмiт артқан. Мұның себебi де жоқ емес едi. Ең басты себеп: ұлттардың ана тiлiнде бала оқытуына, газет-журнал шығаруына тиым салынды. Ресейлiк түрiк-мұсылмандары арасында 1905 жылға дейiн (1918 жыл шығуын тоқтатқан) И.Гаспринскийдiң аса тәуекелшiлдiгi мен мәмiлегерлiгiнiң арқасында “Тәржiмән” газетi ғана (оның “Дала уалаятының газетiндегiдей” орысша баламасы болған) шыға алды.
Сонымен бiрге татар кәсiпкерлерiне кiтап бастыруға мүмкiндiк туды. Бiрақ Қазан зиялылары да 1905 жылға дейiн газет-журналдан мақұрым едi. Сол жылы қазан айына дейiн жер-жерде “тiлге, дiнге бостандық сұраған” петициялар (мысалы, бiздегi “Қарқаралы петициясы”) Петербордағы патша сарайына ағылып жатты. Патша амалсыз жариялаған “17 Октябрь Манифесi”: жиналыс жасауға, сөзге, ана тiлiнде оқуға, жеке бастың азаттығына еркiндiк берiп, өкiметтi бұдан былай халық өкiлдерiнен тұратын Мемлекеттiк Дума басқарады деп шештi /15, 36-37/. 1905 жылы қараша айында өткен жергiлiктi жер және қала қайраткерлерiнiң съезiнде Ә.Бөкейхан: “Бiзде де ауылдық мектептер қуғын-сүргiнге ұшырауда. Оларда ана тiлiн жүргiзуге тиым салынған. Бiздi де цензура аямай жаншуда. Мысалы, қазақ тiлiне аударылған И.Крыловтың 46 мысалын бастыру үшiн (А.Байтұрсынұлы аудармасын айтып отыр – Д.Қ.) цензордан рұқсат ала алмай сандалғаныма 13 ай өттi. …Қазақ мұқтажы шаш етектен. Ең бастысы – ана тiлiмде емiн-еркiн сөйлесем, тiл бостандығы болса екен дейдi бұл ұлт”,-деп мәлiмдеген болатын /16/. Сөйтiп осы қиындықтар артта қалғандай болып, 1906 жылдың басынан Мемлекеттiк Думаға мүшелiкке сайлау науқаны басталады. Ә.Бөкейханға да Думаға мүшелiкке өту мүмкiндiгi туады. Бiрақ патша жандармериясы Әлихандай қайраткерге тосқауыл қойып бағады. Сайлау қарсаңында Ә.Бөкейхан Павлодар маңында тұтқындалады, портфелiндегi бар қағазы тәркiленедi. Бiр айта кетер факт: тәркiленген қағаз арасында Абай өлеңдерiнiң қолжазбасы бар екен /17, 22/. Алайда заңға сауатты Әлихан бұл тұзақтан босап шығып, кеш те болса Петерборға халық сайлаған депутат ретiнде барады.
Тарихтан белгiлi және бiр дерек: 1906 жылғы Мемлекеттiк I Дума да, 1907 жылғы II Дума да патша әмiрiмен күшпен таратылған. Сондай-ақ қазақтан осы Думаның екi шақырылымына ғана депутат сайланған.
Ал 1907 жылы II Думаны таратқан патшаның 3 июньдегi жарлығы қазақ сынды империя iшiндегi бiрқатар қауқарсыз ұлттарды сайлану хұқынан айырды. Бұл туралы кейiн Ә.Бөкейхан: “1907 жылы 3 июньде екiншi Дума қуылып, ендi келер Думаларды сайлауға “3 июнь Законы” шықты. Бұл закон бойынша бүгiн қазақ халқы депутатсыз қалды. Қазақ халқы надан, Думада депутаттық бұған қол емес дедi”,-деп ашынып жазды /18/. Ресми өкiметтiң аса сойқан әдiлетсiздiгiне және дүниеде ешбiр мемлекетте жоқ халықтарды алалау туралы жоғарыда айтылған заңға кейiн сайланған депутаттардың жаппай қарсылық бiлдiрмей отырғанына назаланған Ахмет Байтұрсынұлы: “Қазақтың дүнияда болған-болмағанымен жұмысы да жоқ депутаттар, хүкiмет кiргiзген проект қандай болса да, жарайды деп қабыл ете салады. Қазақ үшiн ойланып бастарын ауырпайды”,-деген болатын /19/.
Бiздiңше, ХХ ғасыр басында алаш жұртын, оның көзi ашық азаматтарын осы 1907 жылы маусым айындағы ұлт хұқының аяққа тапталуы оятты. Алты миллион халықтан бiрде-бiр депутат сайланбады деген сөз – осыншама адамның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, олардың зәрулiгiн, мұқтажын ресми өкiметке жеткiзетiн ешбiр жанның болмағаны деген сөз. Дүние жүзi жақсылыққа, теңдiкке ұмтылып отырғанда, Ресей империясының оспадар әрекетiн ақтау мүмкiн емес едi. “Сол жолы бiздiң қазақты Г. Думадан шығарып тастады,- дейдi осы оқиғаны түсiндiргiсi келген Ә.Бөкейхан. –Баяғы қағусыз, қайырусыз үйреншiктi ескi жолмен 3 июнь Г. Думасыз шықты. Әй, законнан аспағаның қалай, мұның қалай дейсiң бе, оқушылар? Германия жұртының шешенi марқұм Лассал айтқан: бiр тайпа жұртқа ескi ғұмыр, ескi жол жақсы, бiр тайпа жұртқа жаңа ғұмыр, жаңа жол жақсы. Осы екеуi таласар, тартысар, дауласар, жұлысар. Осы екеуiнiң күресiнiң шарты - ғұмыр законы. Қағазға жазған закон мына талас-тартыс, күш-қуат мiнген закон келсе, сыпырылып шыға беретiн: “3 июнь” келгенде “17 октябрь” мойнына су құйылып шыға берген” /20/. Әлихан сөзiнен мәлiм болғанындай, құқықты белiнен басу Ресейге ыңғайлы едi. Бұл – күрделi Ресей империясының шындығы болатын.
Рас, 1905 жылы 17 қазанда жарияланған патша манифесiне алаш азаматтары үмiтпен қарады. Ақын Мәшһүр Жүсiп:
Биылғы үмiттi едiк өткен күзден,
Октябрь он жетiншi деген сөзден, -
деп жазса /21,56/, Петерборда шығатын “Новая жизнь” газетi: “17 қазан кезеңiнде және одан кейiн Ә.Бөкейхан қазақ тiлiнде газет шығармақ болып елiне кеттi”,-деп хабарлапты (мұны “Семипалатинский листок” газетi көшiрiп басқан) /22/. Ал, өкiнiшке қарай, Әлихан бұл жолы газет шығара алмаған. Дегенмен, ертеде баспасөзде қатталған деректер 1906 жылы 28 мамырда Торғай облысына қатысты зиялылар Ақтөбе шаһарында Думаға байланысты бiр жиын өткiзiп, газет бастырмақ болып пәтуаласқанына, осы үшiн 5000 сом ортадан шығарғанына куәлiк бередi /23/. Сөйте тұра “ғұмыр законы” мұндай бастамашылықтың меселiн қайтарды. Мәшһүр-Жүсiп:
Түңiлдi естiген жұрт мұнан таза,
Дәнеңе жоқ бiлмегенге, бiлгенге аза.
“Манифест бар” деушiлер тұтқын болып,
Кесiлдi еш себепсiз оған жаза.
Бiр құдай, бiзге жарық таңыңды атыр,
Болар ек, атса таңың, бiз де батыр.
Қазаққа құлақ пен көз болған ерлер,
Тұтқында бiлесiз бе, неден жатыр,-
деп жазған едi осы шақта /21, 59-60/. Дiндар-қайраткер Ш.Қосшығұлұлының империя астанасында “Серке” газетiн шығаруға байланысты iс-әрекетiн алдыңғы бөлiмде айтқан болатынбыз. Бұл iзденiстiң бәрi 1905-1907 жылдар аралығында жүрдi. “Серке” 3 июньдегi патша жарлығынан соң алты күннен кейiн күштеп жабылғаны белгiлi болып отыр.
Сонымен ХХ ғасыр басындағы қазақ қауымының хал-ахуалы ел тұтқасы iспеттес зиялылардың бетiн күрескерлiкке бұрды. Бұл шақта халықтың рухани сұранымын қанағаттандырып жатқан жәдитшiлдiк алаш баласына бiраз нәрсенi үйреттi. Әсiресе, оның Батыс пен Шығыс тәжiрибесi мысалында ұлттық ояну мен жетiлудi түсiндiрген iзденiсi қазақ сынды қаймана болып қалған милләтке төтеннен олжа салды. Осы уақыттың шындығы туралы қайраткер Тұрар Рысқұлұлы былай деп жазады: “Ол кездегi саны аса көп емес қазақ зиялыларының талпынысы мен ағымы мәдениетшiлiк сипатта болды. Олардың саяси бағыты мен мақсаты тұманды едi. Сондықтан бұлар орыстың либералдық қозғалысынан да, мұсылмандық ағымынан да көмек қолын күттi” /24/. Бұл дәйексөздегi “мәдениетшiлiк” (“культурничество”) деген ұғымнан ғасыр басындағы жалпы руханияттың бағыты анық байқалады. Егер бұл ұғымға Шығыс елдерi - өркениет, ал Батыс елдерi - ағарту атаулыны сыйдырса, зиялылар миссиясы дәл аңғарылған болып шығады. Саясат мәселесiнде Алашқа дейiн, шындығында, қазақ оқығандары бiр жағынан Ресейдiң кадет (конституциялық-демократиялық) партиясына, екiншi жағынан мұсылман қозғалысына иек артты. Әлихан: “I және II Думада қазақ депутаттары (соңғысында өзi де бар. – Д.Қ.) “Халық еркiндiгi” (Народная свобода) партиясының мұсылман фракциясына кiрдi”,-деп жазады /17, 77/.
Мұсылман қозғалысы ХХ ғасыр басында саяси тұрғыдан әжептәуiр салмаққа ие болды. Бұған 1905 жылы 15 тамызда Нижний-Новгородта (Ока өзенi үстiндегi “Густав Струве” кемесiнде) өткен I съезi, 1906 жылы 13-23 қаңтарда Петерборда өткен II съезi, 1906 жылы 16 тамызда бiрiншi жиын болған Нижегородта өткен III съезi материалдары куәлiк бередi /25/. Осы тарихи жиындарды өткiзуге ұлы тұлға И.Гаспринский мен қазақтың тұңғыш ұлттық газетi - “Серкенi” шығаруға қолғабыс еткен Р.Ибрагимов мұрындық болғаны мәлiм. “Иттифак” (бiзше ынтымақ) ұйымын құрған бiрiншi съезд қарарында: мемлекетте бар ұлттың хұқы тең болсын, қоғамдық-мәдени, саяси сұраным қанағаттандырылсын, газет-журнал ашуға, ағарту жұмысын жүргiзуге еркiндiк берiлсiн деген секiлдi ұсыныстар жасайды /25, 45-46/. II съезд Ресей мұсылмандарын бiртұтас күш ету мақсатында 16 ауданға бөледi. Осының iшiнде алты аудан (Ташкент, Орал, Омбы, Семей, Верный, Петропавл) алаш жұртына қатысты аумақтар едi. Осы съезд Мемлекеттiк Думаға сайлауға қатысу барысында кадет партиясымен бiрiгу қажет деп шештi (Ә.Бөкейхан 1917 жылға дейiн осы партияда болды). III съезде де ынтымақ жайы қарастырылды. Сонымен бiрге мұнда ұлттық негiзде партия құру мәселесi талқыланды. Ең бастысы мұнда Мемлекеттiк Думаға сайлау кезiнде ұлттың санына қарай тепе-теңдiк принципiн ұстау мәселесi жан-жақты сөз болды. Осы съездiң төралқасында И.Гаспринскийлермен бiрге қазақ Ш.Қосшығұлұлы мен Сәлiмгерей Жантөрин қатар отырып жұмыс жасағанын ескергенiмiз жөн /26, 31/.
Сондай-ақ 1906 жылы Қазанда мұсылман мұғалiмдерiнiң съезi өттi. Мұнда бiлiм саласын жүйелеу, мұсылман оқуын жалпы еуропалық стандартқа сәйкестендiру мәселесi қаралды /27, 22/. Бұл да “17 октябрь Манифесiнiң” “жылымық” сәт туғызғанын дәлелдейдi. Алайда ресми өкiмет ұлттарды оятатын оқу саласына аса жiтi назар аударды. “Қазақ” газетiнiң сараптамасына қарағанда /28/, патша 1906 жылы 14 қаңтарда “бастауыш мектеп әрбiр ұлттың ана тiлiнде жүргiзiлсiн” деген бұйрық жариялаған (“17 октябрь” инерциясымен – Д.Қ.), ал Оқу министрi осының негiзiнде сол жылы 31 наурызда “харпi жоқ ұлттар үшiн оқулық орыс харпiнде басылсын” деген құйтұрқы Ереже шығарады (мысалы, ол кезде қазақтың қалың жұрты үшiн кириллица қара тұман екенi түсiнiктi). Бiрақ бұған қарсы ұлт зиялылары өре түрегеледi. Алаштың газетi жазғанындай, “1907 жылы Оқу министерствосының мекемесiнде осы 31 март Правиласын түзету туралы кеңес болды. Кеңеске мұсылмандардан адамдар шақырылды, бiздiң қазақтан Ғабдолғали Балғымбаев пен Отыншы Әлжанов барды”. Әйтсе де бұл кеңес ұсыныстарды белiнен сызып, тағы да империя үкiметiнiң ұпайын түгендейдi.
1907 жылы 1 қарашадағы Ереже бойынша ана тiлi бастауыш сыныптардың екi жылында ғана тек жеке пән ретiнде жүруге мүмкiндiк алды. Сөз жоқ, қалған пәндер орыс тiлiнде оқытылатын болып шешiлдi. Бұл да ұлт хұқының аяққа тапталғанын көрсетсе керек.
Сөйтiп, 1907 жылы маусым айында жарияланған әдiлетсiз жарлықтан соң, жиырма миллионнан астам Ресей мұсылмандарынан сол жылы 1 қарашада шақырылған III Думаға он-ақ депутат (Қазаннан – 2, Уфадан – 4, Орынбордан – 1, Қапқаздан – 2, Қырымнан – 1) сайланды /25, 69/. Мұндай сорақылық Еуропаның бiрде-бiр елiнде жоқ едi.
Қазақтан депутат сайланбауы, ресми ана тiлiн пайдалануға тиым салынуы алаш қауымының заңды түрде ашу-ызасын тудырды. Осы кездi Мiржақып Дулатұлы:
Аяқ асты болып қазақ қалды ғой,
Құр әншейiн рухы қалып, жан кетiп.
Шаһбазлар басшы болған милләтке,
Аяғына қан түстi ғой мән кетiп.
Әлi де болса, ояналық “аллалап”,
Жалыналық жаратқан хаққа бәнде етiп.
Мезгiлiнде қару қылмай қимылдап,
Бұл уақытта тұрмыз ендi хәл кетiп,-
деп суреттейдi “Оян, қазағында” /29, 40-41/. Бұл қиын ахуал А.Байтұрсынұлының 1911 жылы шыққан “Маса” жинағында да сөз болады. Ахмет “Жиған-терген” өлеңiнде:
Ұйқышыл жұртты
Түксиген мұртты
Обыр обып, сорып тұр.
Түн етiп күнiн,
Көрсетпей мiнiн,
Оятқызбай қорып тұр.
Обыр болса қамқорың,
Қайнағаның сол сорың! –
деп жазады /30, 29/. Ал ендi осы қиындықтан халықты қалай алып шығуға болады деп iзденген азаматтарға елдiң құлақ аспай жатқаны, бұйығы тiрлiгiн, аңқау қалпын салтқа айналдырып жiбергенi А.Байтұрсынұлын аз қамықтырмаған. Ағартушы ақын осы ретте:
Оянған ерге,
Ұмтылған жерде
Ерушi аз да, серiк кем,
Қас бiлген досты,
Дос бiлген қасты;
Мұндай елдi көрiп пе ең?
Қыс iшiнде бiрер қаз
Келгенменен қайда жаз? –
дейдi /30, 30/. Қазақ сынды ұлт үшiн империя “қақаған қыс” едi. Алаш ұғымындағы алты ай қыс емес, жыл он екi ай қыс болатын. Бірақ бұл жағдай өмірден баз кешуге емес, ояну мен бірігуге себеп еді.
Әдебиеттер:
- Байтұрсынұлы А., Бөкейхан Ә., Жәнiбеков Ж., Дулатов М., Қадiрбаев С., Ғұмаров Е., Әлiмбеков И., Бегiмбетов Н.Шора-и ислам //Қазақ, 1917, 11 июнь.
- Кемеңгерұлы Қ. Қазақ тарихынан. - Мәскеу: Ұлттар комиссариаты қарауындағы Күншығыс баспасы, 1924. - 147 б.
- Асфендиаров С. История Казахстана (с древнейших времени). Алматы: Қазақ университетi, 1993. - 304 с.
- М.Д. (Дулатұлы М.). Айқап журналы//Қазақ, 1914, 21 февраль
- “Айқап” тоқталуы//Қазақ, 1915, 8 сентябрь.
- Құдайбердиев Ш. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1988. - 560 б.
- Ғабдылрахман Ғ. Орынборда шығашақ “Қазақ” туралы// Айқап, 1913, N2. Б. 41-43.
- Ынтымақшыл. Үлкен кiсiлерiмiзде кiшкене мiнез//Айқап, 1914, N9. - Б. 144-146.
- Садуақасұлы С. Қазақ… тарихынан?!//Еңбекшiл қазақ, 1925, 24-31 январь.
- Сералин М. Шаһар Тұрайск, ғинуар 10-iнде, 1911-iншi жыл //Айқап, 1911, N1. - Б. 3-4.
- Құрметлу оқушылар!//Қазақ, 1913, 2 февраль.
- М.С. (Сералин М.). Бiздiң дертiмiз//Айқап, 1911, N3. - Б.1-4.
- Қыр баласы (Бөкейхан Ә.). Ұят-ай//Қазақ, 1914, 16 март.
- Жұмабаев М. Шығармалар. Алматы: Жазушы, 1989.-448 б.
- 1905 год. Материалы и документы. - Москва, 1905. - 170 с.
- Семипалатинский листок, 1905, 8 декабрь.
- Бөкейхан Ә. Таңдамалы - Избранное. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1995. - 478 б.
- Қыр баласы. Үшiншi Дума һәм қазақ//Қазақ, 1913, 6 апрель.
- Оренбурғ, 31 октәбр//Қазақ, 1913, 31 октябрь.
- Қыр баласы. Сусағанның түсiне су кiредi//Қазақ, 1913, 30 ноябрь.
- Көпеев М-Ж. Таңдамалы. Екi томдық. I том. - Алматы: Ғылым, 1990. - 273 б.
- Семипалатинский листок, 1906, 5 декабрь.
- Құрметлу Ысмайыл қажы//Айқап, 1911, N11.
- Советская степь, 1926, 2 июнь.
- Аршаруни А., Ғабидуллин Х. Очерки панисламизма и пантюркизма в России//Общество исследования Средней Азии. - Лондон: репринтная серия N18. – 189 с.
- Политическая жизнь русских мусульман до февральской революции. - Оксфорд: Общество исследования Средней Азии, репринтная серия N13, 1987. - 120 с.
- Мусульманская печать России в 1910 году. Составлено по распоряжению г.Начальника Главного Управления по делам печати под редакций В.Гольмстрем//Общество исследования Средней Азии. - Англия, Оксфорд: репринтная серия N12, 1987. - 103 с.
- Школдарда ана тiлiмен оқу//Қазақ, 1915, 4 апрель.
- Дулатов М. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1991. - 384 б.
- Байтұрсынов А. Шығармалары.-Алматы: Жазушы, 1989. 320-б.
- Информация о материале
- Бауыржан ОМАРҰЛЫ
- 2582
Зар заман поэзиясындағы «шайға қарсылық» сарыны және оның себеп-салдарлары хақында
Қазақ әдебиетінің тарихында айрықша орны бар зар заман ақындары шығармашылығындағы назар аударарлық жайттың бірі – олардың өз дәуіріндегі құбылыстарға көзқарасы. Мұны осы ағымның бірнеше өкілінің өлең-жырларын қатар алып қарастырғанда анық аңғаруға болады. Зар заман ақындарын ерінбегеннің бәрі емін-еркін сынап-мінеген сонау кезеңде «олар жаңа заманның жаңалықтарына қарсы болды, прогресс атаулыны жатсынды» деген уәж айтылатын еді. Бұл санатқа қосылатын Дулат Бабайтайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері сынды ақындардың замана адамының киім-киісіне, жүріс-тұрысына, тұрған үйіне, ішкен асына орай қолданған тіркестері таптық қоғамнан тамыр тартатын талай әдеби тартыстың нысанасына айналды. Көршілес қырғыз елінің әдебиетіндегі Қалығұл Байұлы, Арыстанбек Бұйлашұлы, Молла Нияз, Молда Қылыш, Алдаш Молда сияқты «заманчы» шайырлардың шығармаларына да ұзақ жыл бойы тиым салынды.
Шындығына келсек, зар заман жыршылары қоғамның сипатына сай өзгерген нәрселерге, тосын жаңалықтарға өзіндік ой биігінен қарап, баға берген-ді. Бұрын бұл көзқарастар қалыптасқан үрдіс бойынша, ескі мен жаңаның, кешегі мен бүгінгінің, ұмтылыс пен кертартпалықтың өлшемдері арқылы талдап-таразыланғаны рас.
Арқалы ақындарымыздың шапанының етек-жеңі даладай, кең қолтық қазекеңнің тар шалбарға бойы үйренбей, қымызшылдығын күрең шайға қызығушылығы жеңе алмай, әрі-сәрі болған көңіл-күйін қалтқысыз жеткізуі жаңаны жатсыну, прогресті парықтамау деп бағаланғаны рас. Қазіргі көзқарас, бүгінгі пайым өзгеше. Сондықтан да ақындардың ой-тұжырымдарына өзек болған әлеуметтік құбылыстардың себеп-салдарларын жан-жақты ашып көрсеткен жөн. «Бұл ақындар не нәрсеге қарсы тұрды?», «Неліктен қарсы болды?», – деген сауалдарға жаңаша таныммен жауап берілуде. Бұл мәселені ұлттың салт-дәстүрлерімен және ежелгі сенім-түсініктерімен тығыз байланыстыра қарастырған ләзім.
Жұрттың санасына әбден сіңісті болған жайттың бірі – зар заман поэзиясының кейбір өкілдерінің жырларындағы кәдімгі шайға байланысты бірді-екілі тіркестер. Осыған қайта оралып, көңіл көзімен зерделеп көрсек, біраз нәрсенің басын ашуға болар еді.
Мектеп оқушыларына арналған ілгеріде шыққан оқулықтағы зар заман ақындарына арналған тарауда олардың бірқатарының көзқарастары сараланып, былайша түйінделеді: «Өз кездеріндегі жаңалықтардың бәріне ескі көзқарас тұрғысынан қарау Мұрат пен Әбубәкір творчествосының да негізгі бағыты болды. Олар қазақтың тұрмыс-салтына ене бастаған киім киіс, тәрбие түзеу мәселелеріне де наразылық білдірді. Самауыр мен шайдың өзін елдің дәстүрлі салтын бұзатын жағымсыз құбылыс деп қарап, оларды кекете-мұқата, сықаққа айналдырды» [1, 8-9].
Шындығында, бұрыннан үрдіс емес шай сусынының қазақ жеріне келіп жетуі жалпы жұртқа қалай әсер етті? Қымыз бен шұбаттан бас көтермейтін көшпенді халық ел ішін жаппай жайлаған таңсық ішімдікті қалай қабылдады? Жалпы, ара-тұра айтылып қалып жүрген «зар заман ақындары басқаны былай қойып, шайдың өзін өлеңге айналдырыпты ғой» деген сықылды пікірлер орынды ма? Бірден басын ашып алатын нәрсе – тілге тиек болған мәселе ақындар шығармашылығының әдеби-көркемдік деңгейі турасында емес, олардың әлеуметтік көзқарасы хақында. Зар заман ақындары әдепкіде тосырқай қараған шайға қатысты топшылауды қырғыздың зар заман поэзиясының көшін бастаушы жыр дүлдүлі Қалығұл Байұлының болжал өлеңдерінен байқаймыз:
Сааганың сары бээ болор,
Ичкениң сары суу болор.
Мұны ойшыл ақын Қалығұлдың «сауғаның сары бие болса да, қымыздан өзге нәрсеге үйірсектейсің» деген көріпкелдігі деп тұжырымдасақ, нақ осы болжамның расқа айналғаны қырғыз ырчыларымен қоңсы қонып, қатар жүрген Албан Асанның өлеңінен көрінеді:
Жыртық үйдің ішінде,
Самаурынды шай болды.
Ащы боп шыққан сары су,
Ішіп көңіл жай болды.
***
Ішіп қарын тоймаған,
Сары судан ас болды.
Ал Қалығұл бастаған қырғыз зар заман мектебінің белді өкілі Арыстанбек Бұйлашұлының:
Сары суу көрсө шимирген,
Сары камыш көрсө кемирген, –
деп жырлауы осынау ойлармен үндестіктің үлгісі. Сондай-ақ Әбубәкір Кердерінің бір өлеңінде «Сары азамат, Сардар би, Сары сулар ас болды», – деген тіркес бар. Мұның бәрі қазақ жұртының шайдың келуін тосын құбылыс ретінде қабылдағанын білдіреді. Ата-бабаның дәстүрінде болмаған нәрсенің елді таңырқатқаны рас. Солай болатын жөні де бар еді.
Кофенің отаны – Африка, какаоның шыққан жері – Америка болса, шайдың алғаш өндірілген жері – Қытай. Шай арқылы дүние жүзілік бизнестің тұтқасын ұстаған Шың елі XIX ғасырдың ортасына дейін өнім өндірудің құпиясын жан баласына білдірмеген.
«Қытайлықтар шай сырын фарфор құпиясын жасырғандай керемет ұқыптылықпен сақтап келді. Егер бір айлакер ағылшын болмағанда, бұл құпия сол беймәлім күйі қала берер ме еді, қайтер еді. Әлгі әккі кісі оның тұқымын ұрлап алады да, бір көңілшек қытайға көп ақша төлеп, әзірлеу технологиясын үйренеді. Қытай экономикасының тарихы бұрын-соңды тап мұндай соққыны көрген емес» [2, 11] .
Оңтүстік-қытайлықтардың диалектісімен, Батыс Еуропада «ти» деп аталған, ал солтүстік-қытайлықтардың «ча-е» деген диалектісімен, Шығыс Еуропада «шай» деп аталған сусын Ресейге XVIII-XIX ғасырларда келген. Шай тиеген қытай керуені бұл жерге жарты жыл жүріп әзер жеткен. Сондықтан қазақ ішіне самаурын мен шайдың келуі отаршылдықпен ілесе жеткен құбылыс ретінде қабылданған. Дүние жүзі бойынша шайды көп ішетін елдің біріне айналған Ресейдің жаңа дәстүрі Қазақстанды да қамтымай қоймайтыны бесенеден белгілі. Әбубәкір Кердерінің жаңалықты жатсынғандықтың жарқын үлгісі ретінде әр түрлі оқулықтарға тықпаланып келген:
Тар шалбар, бешпент шықты қынамалы,
Жігітке шапан киген ұнамады.
Сары жез самауыры тағы шықты,
Машина шүмегі бар, бұрамалы.
Төсектен ерте тұрып, бас ауырса,
Бөтен ем шайдан басқа сұрамады.
Сол болды ауруының жаққан емі,
Халықтың, бәрекелді, тапқан емі, –
деген өлеңі сол тұста шығарылса керек. Мұны прогреске қарсылық, жаңа мәдениеттен бойды аулақ салу деп ұғындыру қоғамға үстемдік еткен идеологияның оңтайлы әдісі болды. Әбубәкірдің алғашқы тосырқауы «Көрмегенге көсеу таңның» әсері ғана сыңайлы. «Бұл өзі не нәрсе, адамның ағзасына пайдасы қандай?» деген әуестіктің туындауы заңды. Тарихқа жүгінсек, шайдың пайдасы мен зияны төңірегінде таласты мәселелер болған. 1874 жылы Вильнода А.Владимировтың «Шай және оның кісінің денсаулығына, ақылы мен адамгершілігіне кесірі және экономикалық зияны» деген кітабының шығуы, мұндай пікірлерді терістейтін Вильям Полебкиннің: «Шай. Оның түрлері. Қасиеті. Пайдаланылуы», сондай-ақ Г.Рейнботтың «Шай және оның пайдасы»деген кітаптарының басылуы – осының дәлелі [2, 49]. Аққұйрық шайды кәсіпкерліктің көзіне айналдырған Еуропаның өзінде осындай айтыс-тартыс жүріп жатқанда, қымыз бен қымыраннан басқаға ауыз былғап көрмеген қазақтың ептеп күдіктене қарағанына таңырқаудың жөні жоқ. Зар заман ақындары елдің осы көңіл-күйін тап басты. Өз дәуірінің күйін шерткен Нарманбет Орманбетұлының:
Жанның бәрі ант ішті,
Шайға қосып қант ішті,
Малда да өсіп-өнбек жоқ, –
деп жырлағаны сондықтан. Осыған байланысты айтылған сарындарды терістеп, ақынның кітабын шығару үшін Есмағамбет Ысмайылов оны «Нарманбет творчествосындағы жаңашыл жастарға, керосин, қант-шайға наразылық пікірлер – ол, қазақ ауылының революция алдындағы белгілі бір таптық слойдың идеологиясынан, солардың әсер етуінен туған. Бірақ Нарманбет, негізінде, халықпен бірге болған, халық өмірінен ешбір алыстамаған, кейбір ескішілдік пікірге салынса, сол халықтың талану, қырғын көру қысымынан құтылу жолын іздеуге салынғандығынан» [3, 17], – деп ақтады.
Шай келгендегі елдің көңіл-күйін білдіру, негізінен, Әбубәкір, Албан Асан, Нарманбет өлеңдерінен байқалды. Қалған ақындар «шай» ұғымын күнделікті тіршіліктің мысалы ретінде қолданды.
Шайды алғаш рет көргенде қарапайым қыр қазағы түгіл Еуропамен есіктес Ресей жұртының өзі тосырқай қараған. Халық арасына кең тараған бір әнде сарай азпазшысының шайды қолына ұстағанда әбігерге түскені айтылады. «Бірде қожайын аспазшыға шай беріп жібереді де, оны қайнатсын деп бұйырады. Азпазшы өзінің ежелгі әдеті бойынша іске кіріседі: «Құмыраға су құйдым да, барлық шайды салып жібердім, пияз, бұрыш, жеміс, тамыр салдым». Сорлы азпазшының бұдан кейін қожасына жақпай қалғаны өзінен-өзі белгілі. Бірақ ол өзінің неге жазықты болғанын көпке дейін түсінбей жүреді. «Шайға тұз салуды ұмытып кеткенімді кейін ғана түсіндім», – деп күлдіреді ол» [2, 15]. Сауда мен кәсіпкерлікке ерте бой үйреткен ресейліктер осылай қожанасырлық танытқан соң, қыр қазағы шайға шекесінен қарамай қайтсін.
Әбубәкір әдепкіде түрпідей көрген самаурынның тарихына тоқтала кетелік. «Алғашқы самаурындар XVIII ғасырдың ортасында пайда болған. Оның бастапқы нобайлары – Ресейде кең тараған күбі және тегене сияқты ыдыстар. Орыс шеберлері формасы әр түрлі самаурындар шығаруды бір жарым ғасыр ішінде әбден меңгеріп алды... Еуропадағылар самаурынның бу двигателі, паравоз, су трубасы ойлап табылған сол баяғы Ресей жерінде жасалуын кездейсоқтық деп есептеген жоқ, сондықтан да орыстың шай машинасы деп атады» [2, 118].
Самаурынға салқындық танытып, шайға шошына қарауды сол топтағы барлық ақындарға таңу дұрыс емес. «Зар заман ақындары поэзияның құнын кетіріп, сары самаурын мен қара шайға қарсылығын өлеңге қосыпты ғой», – деу негісіз. «Бозақор» деп бозөкпе жастарды бір сүйкеп өткені болмаса, Дулат бұл тақырыпты қозғаған емес. Ал Мұрат ақынның шығармаларында «шай» мен «самаурын» сөзі арагідік кездесіп қалатыны рас. Бірақ оның өлең-толғауларында «қоғамға жаңа қатынастар әкелген жаңалық-өзгерістерді» қабылдамау мақсатында емес, мүлде бөлек мағынада қолданылады. Мәселен, Қазтуғанның атынан баяндалатын жырында:
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар,
Шайын ішер құрт алар, –
десе, оның кегі «шайда» емес, бар іс-әрекетін ұнамсыз кейіпте бейнелеп отырған Еділ мен Жайыққа ентелей ұмтылған алпауыттарда екені түсінікті. Осыған ұқсас тіркестер қырғыздың зар заман ақыны Арыстанбек Бұйлашұлының шығармаларында ұшырасады: «Ичейин десе чайы жок, Байыр кылар байы байы жок, Чайнайын десе майы жок». Бұл ауыздан-ауызға көшіп, жамылып-жасқанып, анахронизмге айналған сонау Ноғайлы дәуірі жырларының сұлбасы болуы да мүмкін. Сонымен қатар Мұрат ақынның өткен өмірді сағыну, тарих көшін көз алдына елестету ыңғайында толғаған жырларында мынадай жолдар бар:
Сусынын шайға қандырып,
Хандығына жұртын нандырып.
***
Қызыл шай, жез самаурын, саздың суы,
Сәскеде пісуші еді әзер қайнап.
***
Шай ішіп, самаурыннан сәске түске,
Көп еді тәкаппарсып, мырзасынған.
***
Сары қымыз тасқан судай сапырулы,
Саны жоқ самаурынның қайнатылған.
Мұрат сары қымыз бен саны жоқ самаурынды дәулетті елдің несібесінің, қонақжайлық дәстүрінің белгісі ретінде көрсетеді. Бұдан шайдың тіршілікке дендеп еніп, қазақ дастарханының да әрін келтіре бастағанын көреміз.
Шай ішудің жаппай үрдіске айналғаны Салық Бабажановтың 1861 жылы Санкт-Петербургтегі «Северная пчела» басылымында жарияланған жазбаларында да айтылды: «Бізге татарлар тағы бір нәрсені қатты дамытты: онысы – шай тағамын ерекше көп қолдану. Қазір Орданың жарты халқынан көбі шай ішеді. Бұның өзі көптеген адамның қолына түсе бермейді. Қарттар іздеп таппай, «амал қанша, үйреніп қалдық, бас ауырады» деп қатты қапаланады» [4, 21], – дейді ол. Сондай-ақ тарихшы-этнограф Күндарияның әулетті татарларының шайға көп шығынданғандықтан кедейленіп қалғанын, қазақ қариялары да сөйтіп мұқтаждыққа түсуден қауіптенетінін айтады. Бұл дерек ақындар поэзиясындағы шайға қарсылықтың тағы бір себебін аңғартады. Ішімдік секілді шай да жұртты бірден еліктіріп әкеткен, қарапайым халықтың қалтасын қаққан. Сондықтан мұны жыр жүйріктерінің қай-қайсысы да жат құбылыс ретінде қабылдаған.
Жалпы, желіге бие байлап, саба-саба қымыз ішкен көшпенді қазақтың тіршілігі заман күйін толғаған ақындардың өлеңдерінде өткенге деген сағынышпен бедерленеді. Олар айналасында болып жатқан құбылыстарға көңілі толмай күйзелгенде, сары қымызды жиі еске алады:
Шортанбай:
Сары қымыз шайнаған,
Қымызды судай сапырған.
Мұрат:
Құлағына сырға салдырған,
Сусынын сары қымызға қандырған.
Әбубәкір:
Бір саба он кісіге қоюшы еді,
Сары ожау, сары қымыз сай қылдырып.
Албан Асан:
Күрпілдетіп піскен саба жоқ,
Кілегейден май болды.
Сары доңыздай түйе жоқ,
Желіде сауған бие жоқ.
Нарманбет:
Қымыз бойды қыздырмай,
Тіл үйірген кермек жоқ.
Бұл – көшпенді өмірді көксеуден туған сарын. Құт-берекенің кете бастағанына налып, өткен-кеткенге ой жүгірткеннен туындаған топшылаулар. Үйір-үйір жылқы мен саба-саба қымыз қазақтың дәулеті саналғаны әмбеге аян. Дулат ақын өз өлеңдерінде бие байлаған бай адамды әдеттегідей «малы көп кісі», «малды адам» дегеннен гөрі, көбіне-көп «қымызы бар» деген тіркесті қолданды. Адам образын шебер кейіптейтін ақын қолында билігі мен дәулеті бар ауқаттыларға жанасып, жағымпаздықпен күн көріп жүрген жылпостарды былайша сынап-мінейді:
Орынсыз сөз сөйлейсің,
Қымызы барға жағына.
***
Қымызы бар қылтиса,
Сүмірейіп кетесің.
***
Ар сатып қымыз ішкенше,
Келсең-келге түскенше.
***
Қымыз құмар, сор құмар,
Сор құмар, өңшең сорлылар.
Қазақ қастерлі сусыны – қымызбен жарыса күнделікті дастарханнан түспейтін ас-суға айналған шайға да бой үйретті. Шайды маңдайы жіпсіп, жонарқасы терлеп отырып ішетін болды. Сөздік қорымызға «шай қайнатым уақыт», «қонаққа шай қою», «шай, ішсең – көңілің жай» деген тіркестер берік енді. Енді ол қазақтың тіршілігінің тіні саналып, әр түрлі мәнге ие болып, ауыздан түспейтін ұғым ретінде қалыптасты. Әдепкіде шошына қарап, қолай көрмеген Әбубәкір Кердерінің өзі «шай» сөзін қолданып, әрқилы мәселені қозғады. Бірақ көптеген себеп-салдарға байланысты ақынның «бұрамалы шүмегі бар машина» – сары жез самаурын мен «бас ауруға ем» – шайға қарсылығынан (қарсылығынан емес, тосырқай қарауынан!) басқасына мән берілген жоқ. Тегінде, Әбубәкірлердің шығармаларын қапасқа қамауға біз қозғап отырған тақырыптың әсері бола қойған жоқ. Әйтсе де, ұзақ жылдар бойы зар заман ақындары туралы түсінік алған ұрпақтың миына «қынамалы бешпент» пен «бұрамалы шүмек» мөрдей болып басылып қалғаны рас. Бұл жаңаны жатырқаудың таптырмайтын мысалы ретінде көптеген әдеби оқулықтарға өзек болды. Енді Кердерінің «шай» ұғымын кейінірек қай мағынада, қай мақсатта қолданғанына тоқталып көрелік:
Шай – тектілердің ас-суы:
Қор болған үшіншіде шекер мен шай,
Хан-төре ішуші еді, мырза мен бай.
Бұл күнде қатын-қалаш, пақыр малай,
Мырзамен қатар ішті дәулеті сай.
Басына асылдардың кемдік жетіп,
Арзандап кетті білем бәрінен шай.
Шай – кәсіп:
Суғарып күріш пен шайды және ектірген,
Ұрығын жәмшә қауын һәм төктірген.
Шай – пұл:
Ғажайып әрбір сөзің таң қалғандай,
Бір күндік пара алдың ба шай болғандай.
Шай – дәулет:
Кигенің ылғи жібек, ішкенің шай,
Жегенің жал мен жая, қазыменен.
Шай ұғымының елдің етене тірлігімен астасып кеткені басқа да бірқатар ақындардың шығармаларынан көрінеді. Сәбит Мұқанов зар заман ақындарының санатына қосқан Шернияз Жарылғасұлы:
Жөнелт деп мейманыңды қонақ асы,
Қонаға жіберуші ед күнде бір тай.
Қырық ат бас өрігі, мейізімен
Айына ішуші едік жүз қадақ шай [5, 234], –
десе, діни-ағартушылық ағымның көрнекті өкілі Ақмолла Мұхамедиярұлы:
Бұлағы саф – шайға әркім су алғандай,
Халыққа шөлдегендер қуанғандай [5, 345], –
деп толғайды.
Қырғыздың зар заман ақыны Молла Нияздың өлең-жырларынан да шайдың күнделікті тіршіліктегі қажетті нәрсенің біріне айнала бастағаны аңғарылады. Самаурын мен шайды мысалға алу арқылы ақын бірде біреулердің кәсібін сөз етеді, бірде ел ішіне келген жаңа үрдіс ретінде бағалайды. Кейде «шай» ұғымы арқылы белгілі бір кісілерді келекелейді. Мәселен:
Көзү жакшы Даткайым,
Көк чайды көп аччыг деп,
Памил чайды сасык деп,
Кара чайды кайнатып,
Каймактап шире чай кылат.
***
Самовар салкын жай деген,
Салтанатты чай деген.
***
Самовардан чыкпаган,
Сартты худай жаратты.
***
Кара чай жайы Кашкарда ,
Койдун кани Кочкардо.
***
Чайы кайнап кумганда,
Майы кайнап казанда.
Аты жакшы Даткайым,
Ашы мынча фазанда!
Әлемге әйгілі Ибн Синаның өзі «Шай денені сергітеді, көңіліңді көтереді, жүрекке жылу ұялатады, ой салады, еріншектіктен арылтады» [2, 213], – деп бағалаған, Лев Толстой «Тіпті онсыз жұмыс істей алмағандықтан, мен шайды көп ішуге тиісті болдым. Жүрегімнің терең түкпірінде бұғып жатқан мүмкіндіктер шай арқылы ғана босанып шығып, жасампаздық мүмкіндіктеріне жол берді» [2, 36], – деп тамсанған, А.С.Пушкин:
Үйірілді, ымырт, ысқырып,
Жарқырап тұрды самаурын.
Ольга құйған кесеге
Хош иісті қою шай
Мазасын алды танаудың [2, 119], –
деп жырлаған, Шоқан Уәлиханов «Ыстық кезде іздесең таптырмайтын ғажайып сусын ғой» [6, 353], – деп сүйсінген жанға жайлы ас-су бүгінде ешкімге де таңсық емес. Шай, сөйтіп, күнделікті қажетті сусынның бірі болып қалыптасты. Қазақ шаңырағы қазір шайсыз отырмайды.
Ал қазақ жеріне шай алғаш келгенде, жалпақ елдің бұрын-соңды көріп білмеген нәрсеге әуестікпен зер салуы заңды құбылыс еді.
Оған қоса айтылатын «Сары судан ас болды» сарыны – өзінің дағдылы тіршілігіне үйлеспейтін затқа, әдет-ғұрыпқа, дәстүр-салтқа бірден үйірсектей алмағандықтың белгісі. Бұл қазақтың ырыс-несібесін көшпенді өмірдің сән-салтанатымен байланыстыратын зар заман ақындарының еркіндікті аңсаған көңіл-күйінің бір көрінісі болатын.
Отаршылдықпен бірге келген құбылыстарға қарсылық азаттық аңсаған, еркіндікке ұмтылған халықтың рухани наразылығымен ұштасып жатқаны анық. Қайғы-қасірет тартса да, рухын жоғалтпаған қазақ жұртының көңіл-күйін қапысыз бейнелеген зар заман поэзиясы өкілдерінің шығармаларында идеялық-танымдық және көркемдік-эстетикалық көзқарастар бірлігі елдік мұраттармен, ұлт мүддесімен үндестік ыңғайында көрініс тапты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жұмалиев Қ., Қирабаев С. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1977. –230 бет.
2. Гусляров Е.Н. Бір кесе шай. Алматы: Қайнар, 1988. – 240 бет.
3. Ысмайылов Е. Нармамбет ақын // Нармамбеттің өлеңдері. Алматы: ҚҚӘБ, 1939. – 76 бет.
4. Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. Алматы: Қазақстан, 1993. –80 бет.
5. Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. 1-том. Алматы:Жазушы, 1989. –384 бет.
6. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы: Жазушы, 1985. – 560 бет.
- Информация о материале
- Касымхан КАППАРОВ
- 1841
В одном из своих посланий к народу Нурсултан Назарбаев поручил использовать резервные средства Нацфонда для поддержки экономики. За три года (2015-2017) на целевые трансферты будет выделено 9 млрд долларов. Попробуем разобраться, какими моральными рисками для экономики и правительства грозит эта практика.
Ежедневно каждый из нас решает – тратить или сберегать. Все понимают, сберегать нужно – на случай потери работы, тяжелой болезни, для того чтобы платить за образование детей и достойно существовать после выхода на пенсию. Часть доходов, которые мы решаем не тратить сегодня, а сберечь и приумножить, мы откладываем на депозит, инвестируем в недвижимость, реже - в ценные бумаги. Государство точно также вынуждено решать подобные задачи – тратить или сберегать, и если сберегать, то как?
В лучшие времена, когда экономика росла, и в бюджете было достаточно средств, государство приняло решение открыть депозит в иностранном банке, таким «депозитом» стал Национальный фонд. Было принято решение накапливать в нем «лишний» доход - в основном от продажи нефти.
Согласно Концепции формирования и использования средств Национального Фонда, «основной целью фонда является увеличение сбережений для будущих поколений».
Средства Нацфонда используются для двух целей. Первая – это стабилизационная функция – ежегодно 9.2 миллиарда долларов США направляются в бюджет на покрытие текущих расходов. Эта сумма составляет одну четверть всех расходов государства.
Вторая цель – сберегать – средства из Национального фонда можно тратить до тех пор пока они будут не меньше 30% от ВВП.
Кроме этого, государство может выделить дополнительные средства из Национального фонда для решения «неокупаемых, но социально значимых крупных проектов»; в основном это экстренные задачи для поддержания экономики и социальной стабильности. Данные средства выделяются в виде целевого трансферта, определяемого решением Совета по управлению Национальным фондом под руководством президента.
11 ноября 2014 года президент Назарбаев поручил выделить из Национального фонда в виде целевых трансфертов один триллион тенге (5.5 миллиарда долларов США) в 2014 году и по 3 миллиарда долларов США ежегодно в 2015-2017 годах для обеспечения экономики кредитными ресурсами и выполнения Плана инфраструктурного развития. Учитывая сумму ежегодного гарантированного трансферта из Национального фонда в размере 9.2 миллиарда долларов США, общая сумма изъятий из Национального фонда в 2014-2017 годах составит более 51 миллиарда долларов США. Для сравнения за 12 лет с момента основания Национального фонда всего было выделено 82 миллиарда долларов США. Иными словами, сумма ежегодного изъятия средств из Национального фонда в 2014-2017 годах (12.7 миллиарда долларов США) почти в два раза превысит сумму ежегодного изъятия в 2001-2013 годах (6.8 миллиарда долларов США).
Логично задаться вопросом, насколько оправданно такое увеличение расходования накоплений Национального фонда и какие потенциальные риски может нести создавшаяся ситуация?
Во-первых, быстрые темпы использования средств Национального фонда ставят под риск выполнение задач по размерам активов Фонда, которая обозначена в Концепции формирования и использования средств Национального Фонда. Так вместо 180 миллиардов долларов США к 2020 году, активы Фонда, по нашим подсчетам, составят 143 миллиарда долларов США. И то – это возможно, если в 2018-2019 годах из фонда не будут изыматься средства в виде целевых трансфертов.
Во-вторых, средства Национального фонда направляются на решение проблем, которые были вызваны низкой эффективностью проводимой финансово-экономической политики. За историю функционирования Национального фонда было выделено два целевых трансферта. Первый - 10 миллиардов долларов США был выделен в 2009 году в связи со снижением роста экономики, вызванным внешними факторами (снижение цены на нефть и закрытие мировых рынков капитала).
Второй – те самые 5.5 миллиардов долларов США (1 триллион тенге) был выделен в 2014 году. Он был обусловлен резким ростом импорта, вызванным вхождением в Таможенный союз и низким объемом иностранных инвестиций из-за недостаточно благоприятного инвестиционного климата. Эти факторы, к слову, стали причиной февральской девальвации. Целевой трансфер был направлен для смягчения ее последствий - в первую очередь, для банковского сектора, треть заимствований которого деноминирована в долларах США.
Основной причиной для выделения второго целевого трансферта стало то, что государство потерпело неудачу в решении задач проблемных кредитов в 2010-2013 годах, когда для этого были благоприятные внешние и внутренние условия.
В-третьих, использование средств Национального фонда в долгосрочной перспективе снижает эффективность экономической политики правительства за счет появления «привычки» запускать руку в карман с «неприкосновенным запасом» для решения различных проблем. Есть риск того, что правительство в случае возникновения кризисной ситуации начнет предполагать, что всегда сможет использовать средства Национального фонда. В данном случае повышается вероятность возникновения так называемого морального риска (moral hazard) не только у государства, но и у банков, и у частных предприятий, которые вместо повышения своей эффективности будут надеяться на государственные субсидии. Население тоже будет считать себя вправе рассчитывать на помощь государства (за счет все того же Национального фонда) при решении частных проблем – будь то недобросовестные застройщики или турагентства.
Начать накапливать средства (для физического лица или государства) всегда легче, чем сохранить накопления. В сложившейся ситуации велико искушение потратить больше чем заработал – ведь разницу всегда можно перекрыть из накоплений.
При решении вопроса об использовании средств Национального фонда нужно учитывать тот факт, что создавался он в первую очередь для развития будущих поколений и несырьевой экономики.
Средства фонда государство собиралось использовать в случае крайней необходимости, сохраняя их на «черный день».
Именно поэтому основной фокус экономической политики должен быть направлен не на достижение краткосрочных целей в виде 5-7-процентного экономического роста любой ценой, и тем более за счет государственной «заначки». Главным приоритетом должно стать сокращение ненефтяного дефицита бюджета (дефицита бюджета без учета доходов от нефтяного сектора), который в 2019 году согласно Концепции формирования и использования средств Национального Фонда должен составлять не более 3 % к ВВП.
Единственным возможным способом достижения этой цели является переход к экономической модели, которая будет ориентирована на внутренний спрос, повышение доли частного сектора в экономике, снижение вмешательства государства в предпринимательскую деятельность (в виде субсидий избранным предприятиям и чрезмерных проверок со стороны контролирующих органов) и приоритетное развитие человеческого потенциала. Иначе, велика опасность того, что вместо накоплений на достойную старость и оплату учебы для наших детей мы истратим все наши сбережения на решение сиюминутных проблем еще до того как состаримся.
Данная статья была подготовлена специально для Vласти